Палестинаға қатысты оқиғалардың топтамасы
(last modified Thu, 27 Jun 2024 14:51:27 GMT )
Маусым 27, 2024 20:51 Asia/Almaty
  • Палестинаға қатысты оқиғалардың топтамасы

ЮНИСЕФ-тің палестиналық балалардың апатты жағдайына қатысты ескертуі, Израильді бала құқықтарын бұзушылардың қара тізіміне ресми түрде енгізу, Израильдің Газаға әуеден және артиллериямен шабуылы, Халықаралық кешірім ұйымының Батыс елдерінің адам құқығына қатыты екіқырлы стандарттарын сынға алуы, сионистердің Халықаралық қылмыс сотында тыңшылық жасауы – соңғы сағаттарда Палестинаға қатысты болған ең маңызды өзгерістер.

Израиль бала құқықтарын бұзушылардың қара тізіміне ресми түрде енгізілді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш "Қарулы қақтығыстардағы балалар" атты есебінде Израильді ресми түрде әлемде бала құқықтарын бұзушылардың қара тізіміне енгізді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысы балаларға қарсы қатты заң бұзушылықтарды бағалай келіп, Израильдің қарулы және қауіпсіздік күштерін балаларды өлтіріп, жаралап, мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасағаны үшін адам құқығын бұзушылар тізіміне енгізді.

Израильдің 2023 жылы 7 қазанда Газа секторына бастаған шабуылдарының жаңа кезеңінде кемінде 15000 палестиналық бала қаза тапты.  

ЮНИСЕФ: Газа балаларының аштыққа душар болып отырғанына байланысты атысты тоқтату керек

БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) бір видео таратып: "Газа балалары аштыққа ұшырап отыр, сондықтан атысты шұғыл түрде тоқтату керек",-деп мәлімдеді.

ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшылығы Газадағы балалардың шарасыз жағдайын ушықтырып отыр.  

Сионистік режимнің Газаның солтүстігіне әуе шабуылдарында 8 палестиналық қаза тапты

Ақпарат құралдарының сәрсенбі күні кешке хабарлауынша, сионистік режимнің Газаның солтүстігіне әуе шабуылдарында 8 палестиналық қаза тапты.

Сионистік әскерилер Джанин ауруханасына басып кірді

Израиль әскерилері сондай-ақ Джанин ауруханасына басып кіріп, бір палестиналық жігітті жаралады.

Рафахта бірнеше тұрғын үй толық қиратылды

Израиль армиясы Рафах қаласының батысында бірнеше үйге бомба қойып, толық қиратты.

Израиль ән-Насират лагеріне зеңбірекпен шабуыл жасады

Израиль армиясының артиллериясы Газа секторының орталық бөлігіндегі ән-Насират лагерін зеңбірекпен нысанаға алды.

Халықаралық кешірім ұйымы: Бейбітшілік орнату үшін Израильдің апартеидтік режимін жою керек  

Халықаралық кешірім ұйымының бас хатшысы Агнес Калламард кеше, сәрсенбі күні Батыс елдері мен АҚШ-тың адам құқығына қатысты екіқырлы стандарттарға ие екеніне тоқталып, Израильдің Газа халқына қарсы қылмыстарына ортақтас деп атап: "Бейбітшілік орнату үшін Израильдің апартеидтік режимін жою керек",-деді.

Агнес Калламард әлем халықтарының Израильдің Газадағы қылмыстарына қарсы ауқымды наразылықтарға куә болып отырғанын айтып: "Газа соғысында адам құқығы өрескел бұзылғаны былай тұрсын, әлемнің көптеген елдерінде демократияның құлдырағанын айқын көрсетті. Бұл елдердің үкіметтері Палестина халқының бостандығы мен құқықтарын қолдау үшін халықтың бейбіт шерулерін басып-жаншып жатыр",-деді.  

ХАМАС Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистерге қарсы күштерді нығайтуға шақырды

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) сәрсенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдста сионистердің Палестина халқына қарсы жүйелі түрде жасаған қылмыстарын айыптап, Газаға қарсы соғыспен бір мезгілде басқыншыларға қарсы қарсыласу күштерін нығайтуды сұрады. ХАМАС өз мәлімдемесінде сионистік әскерилердің сәрсебі күні Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдсқа айуандық шабуылдар жасағанын, осы ауданда палестиналықтардың үйлерін қиратқанын айыптап: "Бұл қылмыстар – сионистік-фашистік режимнің Палестина халқы мен жеріне қарсы айуандық соғысының жалғасы",-деді.

Сионистер Халықаралық қылмыс сотында тыңшылық жасады

Сионистердің Гаагадағы Халықаралық қылмыс сотында тыңшылық жасағаны туралы ақпарат таралғаннан кейін Нидерланды СІМ Израиль елшісін шақыртты.  

Нидерландыдағы Израильдің елшісі Муди Афрайм осы елдің Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, "Израильдің тыңшылық ұйымдары 9 жыл бойы Халықаралық қылмыс соттың кеңсесіне еніп, оның жұмысын әлсіретуге қалай күш салғанын" түсіндірді.