Израиль жаңа қалашықтарымен отарлауын жалғастыруда: тағы 7 қазан бола ма?
(last modified Fri, 28 Jun 2024 12:21:47 GMT )
Маусым 28, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Израиль жаңа қалашықтарымен отарлауын жалғастыруда: тағы 7 қазан бола ма?

Израильдің оккупациялық режимінің кабинеті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аудандарда елді мекендерді дамыту жоспарын бекітті.

 

Израильдің оккупациялық режимінің қауіпсіздік кабинеті осы режимнің қаржы министрі Безалел Смотрихтің өзін-өзі басқару ұйымдарының бақылауындағы аудандардағы елді мекендерді кеңейту жоспарын бекітті. Осы қаулы бойынша бұрын рұқсатсыз салынған бес елді мекен заңды деп танылмақ.

Сонымен бірге, оккупациялаушы режимнің қауіпсіздік кабинеті басып алынған аумақта Палестина автономиясының лауазымды тұлғаларының қозғалысына елеулі шектеулер қойды және олардың кейбір артықшылықтары мен өкілеттіктерін жойды, Бетлехемнің шығысында және басып алынған Құдстың оңтүстік-шығысында автономиядық құрылымның атқарушы билігі болмайды.

Смотрих: "Палестина әкімшілігіне қарсы санкциялар мен елді мекендерді нығайту Палестинаны мойындайтын кез келген ел үшін Израильдің қақ ортасында Палестина мемлекетінің құрылуы экзистенциалды қауіп болып табылады және мен мұндай апатқа жол бермейміз",- деген.

Мамыр айында Испания, Ирландия және Норвегия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады, содан кейін Словения, Армения және Ямайка бұл елдерге қосылды. Палестина мемлекетін тану Газа секторына қарсы соғысты тоқтату үшін сионистік режимге жасалған қысымға сәйкес келеді.

Өткен қазанның 7-сі күні Газада "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауында кең ауқымды қоныс салу жұмыстары қарқын алды. Басқа жақтан осы режимнің әскері мен қарулы қоныстанушылар басып алынған Палестина жерінің осы бөлігінің қалалары мен ауылдарындағы палестиналықтарға және олардың мүліктеріне үздіксіз шабуыл жасап, осы уақытқа дейін көптеген палестиналық шәйіт болды, жараланды және тұтқындалды.