Палестиналықтардың үйлерінің қирауының қайғылы трагедиясы
(last modified Sat, 29 Jun 2024 14:43:43 GMT )
Маусым 29, 2024 20:43 Asia/Almaty
  • Палестиналықтардың үйлерінің қирауының қайғылы трагедиясы

Израиль билігі палестиналық отбасыларды басып алынған Құдстағы үйлерін бұзуға мәжбүр етті.

 

 

Израиль билігі мәлімдемесінде палестиналықтардан үйлерін өздері бұзуды сұрады, әйтпесе, Израиль билігі тарапынан бұзылып, үлкен айыппұлдар қарастырылатынын жариялады.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Израиль билігі әл-Ақса мешіті орналасқан қаланың ескі аймағында тұратын 200 палестиналық отбасына үйін бұзу туралы хабарлама шығарды.  Басып алынған Құдстағы палестиналықтардың құрылыс рұқсаттарын қиындататын және палестиналықтардың барлық дерлік өтініштерін жоққа шығаратын Израиль билігі мыңдаған палестиналық үйлерді «лицензиясыз» деп,  бұзамыз деп қорқытуда.

Палестина ақпарат көздері 1967 жылдан бері тек Құдстың шығыс бөлігінде Израиль күштері 5000-нан астам палестиналық үйді қиратқанын хабарлады. Палестиналықтар Израильдің бұл әрекетін «сионистердің ұрей тудыру және еврейлендіру саясатының бір бөлігі» деп санайды. Құдс муниципалитеті бұзу ақысын жиі үйлері бұзылған адамдардан жинайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы 6 желтоқсанда бұл қаланы «Израиль астанасы» деп танитынын жариялағаннан кейін басып алынған Құдста палестиналықтардың үйлерін қирату және сионистік елді мекендерді дамыту жұмыстары артты.