Шіл 10, 2024 21:58 Asia/Almaty
  • Сионистер Ирандағы президенттік сайлаудан және Пезешкианның қарсыласу күштері күшті қолдауынан үмітін үзді

ИИР-ның 14-ші мерзіміндегі сайлаудың сәтті өтуі алдыңғы сайлаулар сияқты сионистік топтар мен оларға тәуелді ақпарат құралдарының көңілін қалдырды.

 

 

Иранның президенттік сайлауының 14-ші мерзімінде Масуд Пезешкианның жеңіске жетуінен кейін көптеген сионистік БАҚ осы оқиғаға және жалпы "Иранның Батыс әлемімен қарым-қатынасын жақсарту мүмкіндігін", "ядролық келісімді қайта жаңғыртуды" және "қалыпты және реформатор кандидаттың жеңісі" сияқты концепцияларға ой жүгіртті. Мәселен, "Гаарец" "газеті бұл туралы: "Пезешкиан 2005 жылдан бері билікке келген алғашқы реформатор және Батысқа қатысты прагматикалық сыртқы саясат жүргізіп, ядролық келісімді жандандырады деп күтілуде",- деп жазды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әрқашан Иранға барынша қысым көрсету және оқшаулау саясатын ұстанған сионистер мен оларға тәуелді ақпарат құралдарының Ирандағы кейбір экономикалық мәселелерге байланысты халықтың сайлауды құптамайтындығына үміттенгені анық. Олар осылайша қысымды арттыру, сыртқы қарым-қатынастарды бұзу, сондай-ақ Иран үкіметін аймақтық және халықаралық саясаттарды өзгертуге мәжбүрлеу шарттары қамтамасыз етіледі деп ойлады.

Бұл мақсаттарға жету үшін сионистер мен оларға тәуелді элементтер тіпті бір .міткерді жақтау үшін киберкеңістікте контент жасап, басқа кандидаттарды арандатуға тырысты. Көптеген алауыздық пен келіспеушілік тудыру, үміткердің жақтастарын көшеге шығарып, қақтығыстар тудыру әрекеттері Иранның дұшпандарының қастандықтары болды. Бірақ Иранға қарсы бағыттың сайлауға бойкот жариялау әрекеті де сәтсіз аяқталды және Иранның сайланған президентінің ұстанымдары Иранның макро және стратегиялық саясатының өзгеріп қана қоймай, одан да күштірек жалғасатынын көрсетті.

Осыған байланысты Масуд Пезешкиан Ливандағы Хизболла ұйымының бас хатшысына жолдаған хатында: "Иран Ислам Республикасы әрқашан аймақ халқының заңсыз сионистік режимге қарсылық көрсетуін қолдады. Қарсыласуды қолдау Иран Ислам Республикасының негізгі саясаттарынан бастау алады, сондай-ақ имам Хомейнидің армандары мен Ислам революциясы жетекшісінің  нұсқауларынан болды және күш-қуатпен жалғасады",- деп жазды.

ИИР-ның сыртқы саясаты үстемдіктің кез келген түрінен бас тартуға және үстемдікті қабылдамауға, елдің жан-жақты тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға, барша мұсылмандардың құқықтарын қорғау және үстемдік етуші күштерге мойынсұнбау және соғыспайтын елдермен өзара бейбіт қарым-қатынасқа негізделгені анық.

Осыған байланысты ИИР көршілестік саясатын жүргізу, қарсыласу осін, көпжақтылықты қолдау, БРИКС және ШЫҰ сияқты халықаралық механизмдерге қосылу арқылы сыртқы саясат саласында қолайлы және тиімді жағдайға ие және тоғызыншы президенті де байыпты түрде ұстануы керек.

Сионистер мен олардың батыстық жақтастары, әсіресе АҚШ үкіметінің соңғы Иран сайлауының нәтижелері мен доктор Масуд Пезешкианның тұлғасынан үмітін үзуінің себебі де осы. Өйткені бұл сайлаудың нәтижесі олар үшін сайлауға бойкот жариялау, сондай-ақ Иранның ұстанымдарын өзгерту, соның ішінде қарсыласуды қолдау тұрғысынан тағы бір сәтсіздік болып табылады.

Тегтер