Израильдің Иранға қарсы қоқан-лоққылары, яғни өзін-өзі өлтіру; Сионистік биліктің жағдайы нацистерден де нашар
(last modified 2024-07-16T11:02:44+00:00 )
Шіл 16, 2024 17:02 Asia/Almaty
  • Израильдің Иранға қарсы қоқан-лоққылары, яғни өзін-өзі өлтіру; Сионистік биліктің жағдайы нацистерден де нашар

Мысырлық жазушы және саяси сарапшы Хасан Бадие: «Сионистік режимнің Иранға қарсы қоқан-лоққылары сионистік биліктің өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлағанын және олардың ақыры жақындағанын сезінуін білдіреді»,- деді.

 

Сионистік режимнің Иранға қарсы қоқан-лоққысы және бұл қауіпті дұрыс талдау өте маңызды. Pars Today-дің хабарлауынша, осыған байланысты Хасан Бадие сионистік режимнің Иранға қарсы бұрынғы соғыс министрі Авигдор Либерманның риторикасына жауап ретінде былай деп мәлімдеді: «Либерманның Иранды ядролық шабуылмен қорқытуы сионистік режимнің терең дағдарысқа ұшырағанын және АҚШ пен НАТО-ның қолдауына қарамастан күйреу сатысына жеткенін көрсетеді».

Хасан Бадие сөзінің жалғасында: «Либерманның Иранға қарсы истерикалы сөздері Тель-Авивтің Ираннан қорқатынын және әсіресе Иранның басып алынған жерлерге зымырандық шабуылынан кейін қарсыласу осінің кезекті жеңістеріне алаңдайтынын білдіреді. Бұл қара шабуыл мен сионистік дұшпанның 2 әуе базасын қирату Тель-Авивке Иранның отымен және қарсыласу осімен ойнамаудың ауыр сабағын берді»,- леп айтты.

Сионистік режим Иранға қоқан-лоққысын бұл режимнің ақпарат құралдары осы режим армиясында күштердің жоқтығын және сионистік сарбаздардың психологиялық қиындықтарын мойындаған кезде жасауда.

Сионистік ақпарат құралдары сионистік армиядағы атақты Голани бригадасының сарбаздарының біріне сілтеме жасап: «Сарбаздар Газа секторында және солтүстік майданда Ливан Хизболласымен аяқталмаған соғыстан шаршады, армия Ливанмен соғысуға дайын емес, соғыстың жалғасуы сарбаздарға психологиялық соққы беруде»,- деп мойындады.

Бұған дейін ақпарат құралдары сионистік режимнің киберкеңістік пен Фейсбукта әскер табу үшін жарнаманы бастағанын, өйткені Газадағы соғысқа қатысқан көптеген сарбаздар бұл процесті жалғастыра алмайтынын жариялаған болатын. Ал сионистік режим армиясына қосылуға жарамдылардың көбі дезертирлер. Осы қоқан-лоққылармен қатар сионистік режим Газадағы қарсыласу қолбасшыларының геноцидін және қастандық жасауын жалғастырып, әр жолы жаңа қылмыс жасауда.

Бұл туралы аймақтың стратегиялық мәселелерінің сарапшысы Абдулбари Атван Rai Alyoum газетінің жаңалықтар сайтындағы мақаласында былай деп жазды: «Газа секторындағы 9 айлық геноцид пен этникалық тазартудан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әлі де Қассам батальондарының әскери бөлімшесінің командирлерінің бірін, оның ішінде Яхья Санварды немесе оның өкілдері мен кеңесшілерінің бірін өлтіруге тырысуда Бірақ бұл талпыныстар сәтсіз аяқталды және Нетаньяхудың маңдайына бұдан да масқара жеңіліс жазылды.

Ол Тель-Авивтің жуырдағы мәлімдемесіне «Хан Юнис қаласының батысындағы әл-Маваси аймағына жақында жасалған айуандық шабуылдарда Қассам батальондарының қолбасшысы Мұхаммад әл-Дазиф  және Хан Юнис бригадасының командирі Рафе Саламех, қаза болды» деген уәжіне тоқталып: «Әрине, бұл жеңіс тойы ұзаққа созылмады және Нетаньяху өзін бақылауға қабілетті деп мәлімдеген Тель-Авив тыңшылық қызметі қарсыласу күштеріне қарсы мыңыншы рет қатарынан сәтсіздікке ұшырады және олардың жанжалының дабылы барлық жерде естілді»,- деді.

Бұл аймақтық сарапшы қарсыласу қолбасшыларының сионистік режим үшін ең ұзақ және ең қымбат соғысты басқару үшін жер асты операциялық бөлмелерінде қалатынына тоқталып: «Бұл қылмыстар сионистік режим үшін өте қымбатқа түседі және оның қылмыскерлері, соның ішінде саяси немесе әскери қолбасшылар әрекеттері үшін жазаланады және олардың жазасы нацистік Германиядағы әріптестерінен немесе басқа халықаралық қылмыскерлерден де ауыр болады».- деді.

 

Тегтер