Шіл 30, 2024 22:19 Asia/Almaty
  • Пезешкиан Палестина мен Ливан қарсыласу күштерінің басшыларымен кездесуінде: Иранның жапа шеккендерді қорғауға қатысты ұстанымы өзгермейді

Иран Президенті Палестина исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы және Ливан Хизбулласы бас хатшысының орынбасарымен жеке-жеке кездесіп: "Үкімет ауысқанымен ИИР жүйесінің жапа шеккендердің, соның ішінде Палестина халқының арман-мақсаттарын қорғауға және Құдсты азат етуге қатысты ұстанымы өзгермейді",-деді.

Палестина исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахала мен Ливан Хизбулласы бас хатшысының орынбасары шейх Наим Қасым Иран Президентінің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға сапар шегіп, Иранның жаңа Президенті Масуд Пезешкианмен кездесті.   

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пезешкиан Палестина исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахаламен кездесуінде: "Иран бұрынғыдай бар күш-қуатымен Палестина халқын қолдай береді. Біздің осы жолдағы ерік-жігерімізге ешқандай фактор әсер етпейді",-деді.

Пезешкиан ислам елдері арасында бірлік тудырып, сионистік режимге Газадағы қылмыстары мен қырғынды тоқтатуы мақсатында қысым жасау үшін көбірек талпыныс жасау керегін айтып: "ИИР алдағы кезеңде де сионистік режимнің қылмыстарын көбірек әшкерелеп, осы қылмыскер режиммен күрес дипломатиясын ислам елдері ғана емес, барлық азаттық сүйгіш тәуелсіз елдермен жүргізіп, өзінің палестиналық бауырлары мен қарындастарын сионистік режимнің адамзатқа қарсы қылмыстары алдында жалғыз қалдырмауға бар күшін салады",-деді.

Палестина исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахала да осы кездесуде Пезешкианның жаңа Президент ретіндегі қызметінің басында Палестина қарсыласу күштерінің басшыларымен кездесуін аймақ пен әлем үшін маңызды жолдау деп атап: "Қазіргі таңда Газадағы палестиналықтар үстемшіл жүйенің аймақтағы өкілінің шектен тыс талап етушілігіне қарсы майданның алғы шебінде тұр. Иранның қарсыласу күштерін қолдаудағы айқын ұстанымы олардың табандылық рухын сақтауына терең әсер етеді",-деді.

Палестина исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Палестина халқының ешқашан Иранның қолдауларын ұмытпайтынын айтып: "Қазір Газа халқына гуманитарлық көмек, тіпті азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін жолдардың бәрі жабылғарн. Ал сионистерге түрлі көмек, соның ішінде  қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар жеткізетін барлық жолдар ашық. Бұған қарамастан Палестина халқы мен күрескерлердің қарсыласуы барлық болжамдардан асып түседі",-деді.  

Пезешкиан сондай-ақ Ливан Хизбулласы бас хатшысының орынбасары шейх Наим Қасыммен кездесуінде сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарына қарсы Хизбулла күрескерлерінің табанды қарсылығын мадақтап, қарсыласу майданын қолдауды ИИР-дың принципті саясаты әрі діни міндеті деп атады.

Пезешкиан ислам елдерімен қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға талпыну және сондай-ақ ислам қауымдастығында интеграцияны арттыруды Иранның жаңа үкіметінің сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі деп атап, сионистердің Газадағы қылмыстарын тоқтату үшін ислам үмбетінің бірлігін арттыру керегін айтты.  

Шейх Наим Қасым осы кездесуде Пезешкианды Иран Президенті болып сайлануымен құттықтап, оның Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың хатына жауабын әкелік және ағалық ықыласпен жазылған деп сипаттап, ИИР оның тұлғалық және басқарушылық қарым-қабілетіне сүйеніп, бұрыннан да зор даму жолында қадам жасайтынына үміт білдірді.

Шейх Наим Қасым осы кездесуде сионистік режимнің Ливанның оңтүстігінен шығуын, Палестина исламдық қарсыласу күштерінен үсті-үстіне жеңілуін, ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобының Сирияда жеңілуін ИИР-дың аймақтағы қарсыласу майданын қолдауының арқасында қол жеткізілген жетістіктер деп атады.

Тегтер