Шәһид Хания – қарсыласу майданының сабырлы да сүйікті қолбасшысы
(last modified Wed, 31 Jul 2024 11:22:58 GMT )
Шіл 31, 2024 17:22 Asia/Almaty
  • Шәһид Хания – қарсыласу майданының сабырлы да сүйікті қолбасшысы

"Әбуләбд" деген лақап атқа ие Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания бүгін таңертең (сәрсенбі) Теһрандағы резиденциясында шәһид болды.

Иран Президенті Масуд Пезешкианның инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға келген ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания осы рәсім өткеннен кейін 31 шілде күні таңертең өз резиденциясында террорға ұшырап, шәһид болды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарсыласу майданының сүйікті қолбасшыларының бірі Хания "әл-Ақса дауылы" операциясынан кейін әлемдік деңгейде танымал тұлғаға айналды. Ол сионистік режимнің террор жасалатын адамдар тізіміне енгізілген.

Дүниеге келуі және жанұясы

Исмаил Хания "Исмаил Әбдусалам Ахмад Хания" деген атпен 1963 жылы Газа секторындағы әш-Шати лагерінде дүниеге келген. Босқынға айналғанға дейін жанұясының өмір сүрген жері Асқаландағы әл-Джура ауылы болған.

Білім алуы

Ол бастауыш және орта білімді әш-Шати лагеріндегі UNRWA ұйымының мектептерінде алған. Ортадан жоғары білімді Газадағы әл-Азхар діни орталығында тәмамдаған. 1981 жылы Газадағы ислам университетіне түскен. Осы университеттің ислам ассоциациясына мүше болған. Ол 1983 жылдан 1984 жылға дейін университеттің студенттік кеңесінің мүшесі, 1985-1986 жылдары осы кеңестің төрағасы болған. Ол араб тілі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін Газадағы Ислам университетінің педагогика факультетінен алған.

Қудалануы және түрме

Бірінші интифазамен бір мезгілде университет бітірген Хания осы шерулерге қатысып, сионистік режимнің әскери соты тарапынан түрмеге қамалды. 1989 жылы үш жылға бас бостандығынан айырылды. 1992 жылы босап шыққаннан кейін сионистік режим оны Әбдуләзиз әр-Рәнтиси мен Махмұт әз-Заһар және ХАМАС-тың басқа 400 белсенді басшысымен бірге Ливанға жер аударды.

Белсенділер бір жылдан аса уақыт бойы Ливанның оңтүстігіндегі Мардж уз-Зуһур елдімекенінде болды. BBC-дің айтуы бойынша, бұл жерде ХАМАС ақпарат құралдарының жан-жақты назарына алынып, бүкіл әлемге танылды.

Исмаил Хания бір жылдан кейін Газаға қайтып оралып, Ислам университетінің басшылығына тағайындалды.

Исмаил Хания 1997 жылы ХАМАС саяси кеңсесінің басшылығына тағайындалды. 2006 жылы Палестинадағы сайлауда жеңіп, Палестинаның оныншы Премьер-министрі  болып сайланды. Ол 2007 жылға дейін осы лауазымда қызмет етті.

2024 жылы 10 сәуірде сионистік режимнің Газаға әуе шабуылдары барысында Исмаил Ханияның үш ұлы мен үш немересі шәһид болды.

Шәһид Ханияның танымал сөйлемдері:

"Ешқашан, ешқашан, ешқашан Израильді ресми түрде танымаймыз".

"Тас ілмектер ешқашан жерге түспейді. Қоршауларда жарық пайда болмайды. Құдайдың қолдауымен олар бізге өз позицияларын таңбайды".

"Мен Премьер-министр ретінде ХАМАС-тың мүшесі болғаныма мақтанамын".

"Сардар Сүлеймани – Құдстың шәһиді. Шәһид Сүлейманидің жолын Палестина азат етілгенге дейін жалғастырамыз".

"Әл-Ақса дауылы" операциясы Құдсты азат етуге деген үміттерді қайта тірілтті".

"Иран Палестина халқының арман-мақсаттарын қолдауда алғы шепте тұр".

Хания ХАМАС-тың құрылғанына 21 жыл толу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Ей, Буш, сен кетіп қалдың. Ал біздің тас ілгектеріміз әлі де тұр. Сен кеттің, ал біз жолымызды жалғастырып жатырмыз",-деді.

Төменде Исмаил Ханияға қатысты суреттерге назар аударыңыздар:

Шәһид Исмаил Хания апайымен бірге
Шәһид Исмаил Хания ХАМАС-тың негізін қалаған шейх Ахмад Ясиннің қасында
Шәһид Исмаил Хания Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахаламен бірге
Шәһид Хания Палестина халқымен бірге
ХАМАС басшылары, соның ішінде  шәһид Ханияның Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролламен кездесуі
Шәһид Ханияның имам Хаменеимен кездесулерінің бірі
Шәһид Хания мен шәһид Раиси
Шәһид Хания мен шәһид Амир Абдуллахиан
Шәһид Хания мен ХАМАС қозғалысының басшысы Яхия әс-Санвар Газа секторында
Шәһид Хания мен шәһид Салех әл-Аруари
Шәһид Исмаил Хания
Шәһид Хания Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен бірге
Шәһид Хания мен оның жұбайы
Шәһид Исмаил Ханияның Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуі