Там 02, 2024 19:42 Asia/Almaty
  • Негев шөлі ортасындағы сионистердің Гуантанамосы: Израиль түрмелеріндегі аяусыз азаптаулар әшкереленді

Жуырда сионистік режимнің түрмелерінен босап шыққан палестиналықтардың жағдайының нашарлығы соншалықты, осы түрмелер және сионистердің палестиналық тұтқындармен қатынасы туралы сауалдар тудырды.

Еуропа-Жерорта теңізі адам құқығын қорғау ұйымы жуырда жасаған мәлімдемесінде Израиль түрмелерінде палестиналық тұтқындардың зорланғанын хабарлап: "Бұл тұтқындар айуандықпен азапталып, өлім аузына дейін жеткізілген",-деп мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қолда бар құжаттар сионистік режимнің түрмелерінде, соның ішінде Седи Тиман түрмелерінде гуманитарлық заңдардың үздіксіз бұзылып жатқанын көрсетеді. Ол Негев шөлінде Беер-әс-Саба қаласының солтүстік-батысынан 5 шақырым жерде сионистік режим армиясының оңтүстік басқармасына тиесілі бір әскери базада орналасқан. Бүгінде бұл –  атақты Гуантанамо түрмесіндегі оқиғаларды еске түсіретін тергеу изоляторы.

Еуропа-Жерорта теңізі адам құқығын қорғау ұйымы: "Сионистік режимнің түрмелері мен тергеу изоляторлары АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінен де қанды орталықтарға айналды. Онда түрмедегілерді аяусыз азаптау, қорлау, зорлау әрекеттері жүзеге асады",-деп баса айтты.

Адам өлтіру, қатты соққыға жығу, торға қамау, қолды байлап ұстау, кейбір тұтқындарды сабанмен тамақтандыру – осы базаның қабырғасында болып жатқан және жария болған оқиғалардың бір парасы ғана. Базада құпия қалған дүние әшкере болған жайттардан әлдеқайда көп.

Сионистік режимнің қолындағы палестиналық тұтқындар

Жуырда "әл-Араби әл-джадид" газеті қолда бар деректерге сүйеніп хабарлауынша, осы базада немесе басқыншылық режимдегі басқа түрмелерде ұсталғандар арасында бостандыққа шыққаннан кейін бірнеше апта өтсе де, азаптау әсерінен әлі емделіп жатқандар және психикалық және физикалық проблемалардан зардап шеккендер бар.

Сионистік дереккөздері, соның ішінде "Гаарец" газеті «Сади Тиман» базасының далалық госпиталінде жұмыс істейтін израильдік дәрігердің сөздеріне сүйеніп, осы түрмедегі өлім немесе заңсыз баяу өлім фактілері және азаптаулардың барлық түрлегі туралы хабарлады.

Бұл израильдік дәрігер сионистік режимнің Соғыс министрі Йоав Галант пен басқа да тиісті лауазымды тұлғаларға хат жолдап, осы тергеу изоляторындағы заң бұзушылықтардың жалғасуы туралы ескерту жасады.

Жуырда Al-Jazeera арнасында бір видео таралды. Онда физикалық жағдайы өте нашар, дауысы физикалық әлсіздіктен қарлығып шыққан палестиналық боксшы Муазаз Абият: "Негев түрмесінде аға-бауырларым күнде шейіт болып жатыр. Біз үш мың тұтқынбыз. Израильдік түрме күзетшілері бізді түн сайын ұрып-соғады. Тамақ бермейді. Моншадан хабар жоқ. Бұл жерде ақыл сенбейтін нәрселер болады",-дейді.

Сионистік режимнің түрмесіне түскенге дейінгі және кейінгі палестиналық боксшы Муазаз Абият

"Әл-Хабар әл-Джазаер" газеті осы видеоға реакциясында: "Газада жасалып жатқан геноцидке және палестиналық тұтқындардың қарапайым адам құқықтарының аяусыз аяққа тапталуына әлем екіжүзділікпен көз жұмып отыр. Күн өткен сайын Израиль түрмелерінде сионист басқыншылардың қылмыстары туралы жаңа қорқынышты оқиға естіледі",-деп жазды.

BBC арнасының араб сайты осы ақпарат жайлы: "Әлеуметтік желілерде таралған Муазаз Абияттың суреттері Израильдің түрмелерінде не болып жатыр деген сауал тудырды",-деп жазды.

АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқындарының бірі Асадулла Харун Израильдің түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың суреттеріне қарап, америкалық тергеу изоляторларындағы азаптауларды еске түсірді.

Харун 2007 жылы қамауға алынып, 16 жыл бойы ешбір себепсіз Гуантанамо түрмесінде ұсталды. Оның айтуынша, Израильдің түрмелерінде жатқан палестиналықтар онымен болған жағдайға ұқсас азаптарды бастан кешіп жатыр.

Al-Jazeera арнасы Гуантанамода болған басқа тұтқындардың айтқандарына сілтеме жасап, АҚШ пен Израильде азаптау түрлерінің ұқсас екенін растап: "Ирак пен Ауғанстанда АҚШ күштерінің қолына түсіп, азапталып және осыған ұқсас қорлықты бастан өткергендер бұл әңгімелерді растайды",-деп жазды.

Сионистердің палестиналық тұтқындарды азаптауы

Адам құқығын қорғаушы Муаззам Биг үш жыл бойы ешбір айыпсыз Гуантанамо түрмесінде жатқан. Ол сондай-ақ америкалық күштер мен израильдік сарбаздардың мінез-құлқының ұқсастығын атап өтіп: "Израиль түрмелері мен Гуантанамо арасында тұтқындарға қарау, шешіндіріп қорлау және зорлауда айқын, толық және даусыз ұқсастық бар",-деді.

Жылдар бойы Израиль түрмелерінде болып, ақыры босап шыққан палестиналық тұтқын Люи әт-Тавил палестиналық тұтқындарға жасалып жатқан азаптауларға тоқталып: "Израиль түрмелері атақты Абу-Грейб пен Гуантанамо түрмелеріне ұқсайды. Негевке ауысқаным мені есеңгіретті. Мұнда келген тұтқындарды намысына тиіп шешіндіріп, боқтықтың астына алып қатты соққыға жығады",-деді.

Палестиналық әйел Асыл әл-Тити Израильдің түрмелерін Гуантанамо түрмесіне ұқсатты. Al-Alam арнасының Асыл әл-Титиге сілтеме жасап: "Біздің жағдайымыз өте аянышты болды. Түрмеде түскен әйелдер түрлі жолмен ұрып-соғылып, азапталатын",-деп жазды.

Гуантанамо мен Сади Тиман бөгетінің ұқсастығы тұтқындарға деген қарым-қатынаспен шектелмейді. Бұл екі орталық өз қызметін ақтайды. Және ұқсас дәлелдер мен бұйрықтарды қолдана отырып, олар өздерінің шектен шығуын заң жүзінде қамтамасыз етеді. Сионистік режим сонымен қатар ақпарат құралдары мен тәуелсіз заң сарапшыларын Сади Тиман сияқты түрмелер мен әскери қамау орындарынан алшақ ұстауға тырысуда.       

Тегтер