Келеке ет те өтірік айт!
(last modified Tue, 06 Aug 2024 14:29:56 GMT )
Там 06, 2024 20:29 Asia/Almaty
  • Келеке ет те өтірік айт!

Израильдің виртуалды тролі Иди Коэннің соңғы твиттеріне шолу

Өзін израильдік офицер әрі журналист санайтын Иди Коэн Исмаил Хания Теһранда шәһид болғаннан кейін "Х" әлеуметтік желісінде белсенді бола түсті.

Израильдің ХАМАС-ты жоя алмауы, тұтқындарды босата алмауы, Иранның "Шын уәде" операциясына жауап беруге батпауы сионистік режимге үлкен қысым түсірді. Соның салдарынан сионистер төгілген абыройды қайта жинау үшін виртуальды троллдер мен бұзақыларды сөзбен айқасу, келекелеу және өтірік тарату үшін қолданады. Израильдің осындай троллдерінің бірі – Иди Коэн. Ол өзін израильдік офицер әрі журналист санайды. Исмаил Хания Теһранда шәһид болғаннан кейін ол Израиль режиміне жетістік әкелуге тапсырма алған сияқты.    

Pars Today ақпарат агенттігінің бүгінгі мақаласында Иди Коэннің соңғы твиттеріне шолу жасалады.

Күшті ғып көрсетуге тырысу

Иди Коэн "Х" әлеуметтік желісіндегі твитінде Израильдің ішкі дағдарыстары, соның ішінде эммиграция, әуежайлардың жұмысының тоқтауы, Министрлер кабинетіне қарсы шерулердің өтуі, кабинет мүшелері арасындағы қайшылықтарға тоқталмастан, Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла айтқандай "өрмекшінің үйінен әлсіз" Израильді қауіпсіз үйге теңеді.

Иди Коэн: "Нетаньяхудың үйіне кірген кез келген адамның қауіпсіздігі сақталады. Аятолла Хаменеидің үйіне кірген адам жайлы жаңалықтардан естисіз",-деп жазды. 

Иди Коэн осы твиті арқылы сионистік режимнің күш-қуатын көрсетуге тырысты.

 

Сионистерге үміт беруге тырысу

Иди Коэн басқа бір постында қарсыласу өзегінің шәһид болған қолбасшыларының суретін жариялап, сионистерді жақсы күндерге үміттендірді.

Ол: "Қайырлы таң! Мыналарсыз қандай әдемі таң атты",-деп жазды.

Коэнның сионистерге үміт беруі

 

Иди Коэн басқа бір твитінде психологиялық соғыстың әсері және қарсыласу өзегінің сионистік режимнің қылмысына жауап беруге асықпағанына тоқталып: "15 сағат өтті. Ештеңе болған жоқ. Жалған әрі бос ұрандар. Олар шаршаған. Бұл ақымақтық. Сендер қорқақсыңдар",-деп жазды.  

Коэнның сионистерге үміт беруі

 

Ал қарсыласу өзегі қазіргі стратегиясы бойынша жойқын әскери жауаптан бұрын сионистік режимге қарсы ауқымды психологиялық соғыс жүргізіп жатыр. Бұл сионистердің үрейін ұшырып, оларды бункерге тығылуға мәжбүр етіп отыр.

Басқа жағынан Иди Коэн Израиль әскерилерінің Газа батпағына батып отырғанын, күн сайын басып алынған жерлердің Газа, Ливан, Йемен мен Ирактағы қарсыласу күштері тарапынан зымырандармен атқыланып жатқанын айтты. Қарсыласу күштерінің амалдарында осы күнге дейін жүздеген сионистік әскеридің көзі жойылды.

Мұсылмандар мен арабтар арасына қайшылық тудыруға тырысу

Иди Коэн тағы твитінде отаршылдардың әрдайымғы тәсілін пайдалануға, яғни мұсылман мазхабтары арасына іріткі салып, ұлттар арасында дау тудыруға тырысты.

Иди Коэн: "Сүннитер оларға Израиль емес, Иранның қауіп екенін біледі",-деп жазды.  

Иди Коэн мұсылмандар арасына іріткі салуға тырыстуда.  

Иди Коэн тағы бірде: "Саудиялықтар Исмаил Ханияның өлтірілгеніне қуанды",-деп жазды.

Иди Коэн арабтар арасына іріткі салуға тырысуда.

Әрине мұсылмандардың қырағылығы әлеуметтік желі қолданушылардың бұл ескі тәсілді әжуалап, Иди Коэнді мазақ қылуына себеп болды.