Сионистік отарлау жобасын неге тамырымен жою керек?
(last modified Thu, 08 Aug 2024 12:19:15 GMT )
Там 08, 2024 18:19 Asia/Almaty
  • Сионистік отарлау жобасын неге тамырымен жою керек?

Тарих бойынша отарлаушылардың ішкі-сыртқы қысымның мәжбүрлеуінсіз отаршылдық билікті қолдан беруі өте сирек кездеседі. Сондықтан отарланғандарға қарсы үздіксіз күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алудың бірден-бір дұрыс жолы – қуатты ішкі және сыртқы қысымды қолдану.

Отарсыздандыру тарихы әрқашан қатыгездікпен қатар жүреді. Отаршыл империялар шағын аралдардан бейбіт кеткен сирек жағдайлар болмаса, деколонизация зорлық-зомбылықсыз және келісім негізінде жасалмайды. ХАМАС туралы сөйлеу үшін Израиль режимі мен оларға қатысты түрлі позицияларды, сионизмнің отаршылдық сипатын түсіну керек және палестиналықтардың қарсыласуын отаршылдыққа қарсы күрес деп мойындау керек. Pars Today ақпарат агенттігінің осы мақаласында аталмыш тақырыптың түрлі қырларына тоқтаймыз.  

АҚШ пен басқа да Батыс елдерінің үкіметтері сионизм пайда болғаннан бері назардан тыс қалдырған геноцид мәселесін талдау көрсеткендей, Палестинадағы зорлық-зомбылықтың тамыры 19 ғасырдың аяғындағы сионизмнің дамуына және мигранттарды көшіру арқылы отарлау жобасына айналуына тікелей байланысты. Өйткені сионизм мигранттарды көшіру арқылы отарлау жобаларын орындап, жергілікті халықты жоюға тырысты. Қатыгездікпен бір ұлтты жоюға қол жеткізілмегенде отарлаушының шешімі зорлық-зомбылықты бірнеше есе үдету болды. Қоныс аударушылардың жергілікті халыққа қарсы зорлық-зомбылығын тоқтатуы мүмкін жалғыз сценарий – отаршылдық жобаны доғару немесе жою.

Когнитивті қатыгездік

Палестинада 1882-2000 жылдар аралығында жасалған қатыгездік пен зорлық-зомбылық тарихы назар аударуға тұрарлық. 1882 жылы сионистік иммигранттардың бірінші легінің Палестинаға келуі тек бірінші қатыгез әрекет емес еді. Иммигранттардың қатыгездігі когнитивтік сипатта болды. Иммигранттардың палестиналықтарды зорлық-зомбылықпен жоюы олардың Палестинаға кірмес бұрын жазғандарында, қиялдарында және армандарында болған. Мұны «Халықсыз ел» (Жапан дала) аңызынан көруге болады. Сионизм бұл идеяны шындыққа айналдыру үшін 1918 жылы британдықтардың Палестинаны басып алуын күтті. Бірнеше жылдан кейін 1920 жылдардың ортасында Ұлыбритания үкіметінің көмегімен он бір ауыл жергілікті тұрғындардан тазартылды.  

Жұмыс тек еврейлерге

Бұл палестиналықтарды меншіктен айыруға бағытталған алғашқы жүйелі зорлық-зомбылық әрекеті болды. Зорлық-зомбылықтың тағы бір түрі палестиналықтарды еңбек нарығынан қууға бағытталған «еврейге жұмыс» стратегиясы болды. Бұл стратегия мен этникалық тазарту палестиналықтардың басқа жерлерге мәжбүрлі қоныс аударуына әкеліп соқтырды. Әрине олар да жұмыс немесе тиісті баспанамен қамтамасыз ете алмады.

Үшінші ғибадатхана және интифазаның басталуы

1929 жылы осындай зорлық-зомбылық әрекеттері Харам аш-Шариф ауданында үшінші ғибадатхана салу туралы әңгімеге ұласқанда палестиналықтар алғаш рет қатыгездікпен жауап берді. Бұл үйлескен жауап емес, Палестинадағы сионистік отаршылдықтың ащы нәтижелеріне стихиялық және шарасыз жауап болды. Жеті жылдан кейін Ұлыбритания мигранттардың көбірек келуіне рұқсат беріп, өз армиясы бар жаңа сионистік мемлекет құруды қолдаған кезде палестиналықтар ұйымдасқан науқан бастады. Бұл үш жылға (1936-1939) созылған және "Араб көтерілісі" ретінде белгілі болған алғашқы интифаза болды. Осы кезеңде Палестина элитасы сионизмді Палестина мен оның халқына экзистенциалды қауіп деп таныды.

Қорғаныс сылтауымен жасалған шабуыл

Көтерілісті басуда ағылшын әскерімен ынтымақтасқан сионистік партизандардың негізгі тобы "Хегана" деп аталды. Бұл «қорғаныс» дегенді білдіреді. Палестиналықтарға қарсы кез келген агрессивті әрекетті сипаттау үшін Израиль осы сөзді қолданатын болды. Яғни әрбір шабуыл өзін-өзі қорғау ретінде көрсетілді. Бұл – Израиль қорғаныс күштерінің атауында да көрініс тапқан ұғым.

Британия Палестинаға енген кезден бүгінгі күнге дейін бұл әскери күш жер мен базарларды басып алу үшін пайдаланылды. Осы армия отаршылдыққа қарсы палестиналық қозғалыстың шабуылдарына қарсы қорғаныс күші ретінде қарастырылды. Сондықтан 19-20 ғасырлардағы басқа отаршылдардан еш айырмашылығы болмады.

Террористтің жәбірленушімен орнын алмастыруы

Айырмашылығы мынада: отарлау біткен қазіргі тарихта көп жағдайда отарлаушылардың әрекеті өзін-өзі қорғау емес, басқыншылық әрекет ретінде қарастырылады. Сионизмнің үлкен жетістігі агрессияны өзін-өзі қорғау, ал Палестинаның қарулы күресін терроризм ретінде таныстыра алуында болды. Британ үкіметі 1948 жылға дейін екі зорлық-зомбылық әрекетін де терроризм деп санады, бірақ содан кейін 1948 жылы палестиналықтарды этникалық тазартудың бірінші кезеңі басталған кезде оларға қарсы ең ауыр зорлық-зомбылыққа жол берді.

1947 жылдың желтоқсаны мен 1948 жылдың мамыры аралығында Ұлыбритания әлі де заң мен тәртіпті басқарған кезде cионистік күштер Палестинаның негізгі қалалары мен оның айналасындағы ауылдарды қиратты. Бұл террордан да зор адамзатқа қарсы қылмыс болды. 1948 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында этникалық тазартудың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін Палестина халқының жартысы күшпен қуылды, ауылдарының жартысы қиратылды, қалаларының басым бөлігі жойылды. Палестина мұндай ауыр зорлық-зомбылықты ғасырлар бойы көріп келеді.

Осылайша қазіргі Палестинадағы зорлық-зомбылық тарихы 19 ғасырдың аяғындағы сионизмнің дамуы мен мигранттарды көшіру арқылы Палестинаны отарлау жобасына айналуынан бастау алғанын көрсетеді. Сол себепті отарлаушылардың ішкі-сыртқы қысымның мәжбүрлеуінсіз отаршылдық билікті қолдан беруі өте сирек кездеседі. Зорлық-зомбылықтың алдын алудың және отаршылдыққа қарсы тұрудың ең жақсы жолы – ішкі және сыртқы қысым арқылы отарлық жобаны тоқтатуға мәжбүрлеу. Сионизм жобасы да соңғы екі ғасырда Палестина жерін басып алуға бағытталған басты отарлау жобасы болды.