Там 21, 2024 21:49 Asia/Almaty
  • Нетаньяху соғысты кеңейтуге тырысады

Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Барак Нетаньяхудың экстремистік кабинетіне ХАМАС қозғалысымен келісімге келмегені үшін шабуыл жасап, Нетаньяху Израильді аймақтық соғысқа тартып жатқанын ескертті.

 

 

Parstoday агенттігінің «Әл-Джазираға» сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік басшылардың арасында Газада атысты тоқтату келісімін орнату және тұтқындарды айырбастау үшін ХАМАС қозғалысымен келісімге келудегі айырмашылықтары арта түсті. Ашық оңшыл партиялар кез келген келісімге үзілді-кесілді қарсы, ал басқа жағынан Нетаньяхудың қарсыластары тұтқындарды айырбастау туралы келісімге келуді қалайды.

Осыған сүйене отырып, Барак Нетаньяхуға қарсы соңғы ұстанымдарында өзінің шектен шыққан министрлер кабинетін ХАМАС-пен келісімге келу жолындағы қабілетсіздігі мен кедергі жасауы үшін сынға алып: «Нетаньяху Израильді аймақтық соғысқа тартып жатыр. Нетаньяху бір мезгілде Газадағы тұтқындарымызды өлім жазасына кесті. Нетаньяхудың Газаның оңтүстігіндегі Филадельфия дәлізін бақылауды талап етуінің Израиль үшін саяси пайдасы жоқ»,- деді.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі осыған дейін мәлімдеме жасап: «Тель-Авив Газа мен Мысыр шекарасындағы Филадельфия дәлізін бақылауды қалайды, себебі бұл лаңкестік топтардың қайта қарулануын болдырмайды»,-деген болатын.

Бұл дәліз Египет пен Газа шекарасының екі жағындағы үлкен демилитаризацияланған аймақтың бір бөлігі болып табылады.

Израильдің 13-арнасы да сионистік режимнің келіссөздер тобы мен Нетаньяху арасындағы күшті келіспеушіліктерге тоқталып: «Келісуші топ Беньямин Нетаньяхуға келіссөздердің сәтсіз аяқталуы оларды қайта бастауды қиындатады",- деп ескертті. Бұл арна Нетаньяху сионистік келіссөздер тобына келіссөздердің сәтсіздігі немесе сәтті болуының оларға еш қатысы жоқ екенін айтты.

13-арна сондай-ақ, сионистік келіссөздер тобы Нетаньяхуға егер ол сионистік режим әскерилерінің Филадельфия мен Нетсарим осьтерінде тұруын жалғастыруды талап етсе, келіссөздердің сәтсіз аяқталатынын айтты. Телеарна сонымен қатар: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Нетаньяхуға келіссөздердің осы раундының сәтсіздігінің салдары қандай болатынын түсіндіру үшін басып алынған Палестинаға кірді» деп хабарлады.

Осы оқиғалармен бір мезгілде Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) былай деп жариялады: "Бұл Американың Газада атысты тоқтату ұсынысына қарсы, өйткені бұл жоспар Беньямин Нетаньяхудың шарттарына толығымен сәйкес келеді және сионистік режимге тиімді".

ХАМАС бұл жоспардың соғыстың толық тоқтатылуына әкелмейтінін қуаттап: «Жақында болған келіссөздер туралы делдалдардың мәлімдемелерін тыңдағаннан кейін біз Нетаньяху әлі де осы келісімге қол жеткізуге кедергі келтіретініне тағы бір рет көз жеткіздік",- деді. Соңында Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысы: «Жаңа жоспар Нетаньяхудың шарттарына сәйкес келеді; Әсіресе оның тұрақты атысты тоқтатуға және Газадан жалпы шығарылуына қарсылығы",- деп қуаттады.

Оның үстіне Израиль Нетсарим аймағын, Рафах өткелін және Филадельфия осін басып алуды жалғастыруда.

25 және 26 тамыз бейсенбі және жұма күндері Катардың астанасы Дохада АҚШ, Мысыр және Катардың қатысуымен Газада атысты тоқтату келіссөздері өтті. ХАМАС келіссөздерге қатыспады және: «Жаңа келіссөздің орнына бұрынғы келісімге бағытталу керек» деп мәлімдеді.

Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, бұл келіссөздер жақын арада Каирде қайта басталады.

Бұл келіссөздер ХАМАС саяси кеңсесінің марқұм басшысы Исмаил Хания Теһранда өлтірілгеннен кейін жүргізілді. Иран Израиль режиміне өкіндіретін жауап беретінін жариялады және сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен араб елдері атысты тоқтату келісімі Иранды кек қайтарудан тайдырады деп үміттенеді.

Израиль шенеуніктері Нетаньяху өзінің саяси өмірін сақтап қалу үшін соғысты тоқтатқысы келмейді деп санайды және Иранның Каирдегі мүдделерін қорғау кеңсесінің басшысы да егер Нетаньяху атысты тоқтату келісімін теңгерімді шарттармен қабылдаса, билікпен қоштасуға тура келетінін айтады. .   

 

 

Тегтер