Израильдік мораль зорлаушыларды қалай тәрбиелейді?
(last modified Fri, 23 Aug 2024 10:34:50 GMT )
Там 23, 2024 16:34 Asia/Almaty
  • Израильдік мораль зорлаушыларды қалай тәрбиелейді?

Израильдіктер өмір сүру үшін «тұрақты соғыста» кез келген әрекет, тіпті адамгершілікке жатпайтын болса да, ақталады деп санайды.

 

 

Палестиналықтарды зорлаудың жан түршігерлік оқиғасының моральдық-психологиялық аспектілерін талдай отырып, сионизмнің идеологиялық өлшемдерін, сондай-ақ білім беру жүйесін әшкерелеуге болады. Сондықтан оған назар аударудың маңызы ерекше.

Pars Today қысқаша шолу жасауға әрекеттенді:

Соңғы апталарда Негев шөліндегі Тиман абақтысында израильдік күзет қызметкерлерінің палестиналық тұтқындарды топтап зорлауы туралы бейнелердің жариялануы халықаралық қатты реакция тудырды. Бұл оқиға өте қорқынышты болса да, Израиль қоғамының бір бөлігі бұл адамгершілікке жатпайтын әрекетті қорғады.

Жарияланған бейнелердегі палестиналық тұтқындарды зорлаумен айналысқан запастағы он сарбаздың тұтқындалуынан кейін әсіре оңшыл топтар, оның ішінде кейбір үкімет министрлері де осы адамдарды қолдап, наразылық білдірді.

Бұл туралы Израильдің қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир: «Қауіпсіздік үшін топ болып зорлауға рұқсат етілген»,- деді.

Сондай-ақ, Қаржы министрі Бецалель Смотрич  зорлау оқиғасының өзіне алаңдаушылық білдірудің орнына, бұл бейнелердің жарияланғанына ашуын білдірді және бұл бейнелерді әшкерелеген адамдарды тергеу мен жазалауды талап етті. Бұл оқиғалар Израиль қоғамының негізгі ағымынан тыс бірнеше экстремистермен шектелмейді. Керісінше, бұл израилдіктердің моральдық жүйесіндегі кеңірек мәселені көрсетеді.

Соңғы онжылдықтарда Израиль режимі жүйелі түрде палестиналықтарды адами құндылықтардан ада және оларды израильдіктерге қарағанда моральдық стандарттары төмен адамдар ретінде көрсетті. Бұл процесс палестиналықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында адами болмысынан айыруға және оларды биологиялық тіршілік иелеріне айналдыруға тырысады. Басқаша айтқанда, отаршылдыққа қарсы философ Фрэнсис Фанон бұл отарлау үдерісін сипаттағандай, палестиналықтарды «адам жануарлары» деп атайды. Осылайша, палестиналықтар моральдық тұрғыдан әлсіз және түкке тұрғысыз болып көрінеді, соның салдарынан оларға қарсы зорлық-зомбылық пен агрессия азғындық деп танылып қана қоймай, кейбір жағдайларда моральдық әрекет ретінде ақталды. Осылайша бұл басқыншылықтарды жасаған израильдік сарбаздар өздерінің моральдық артықшылығына және қарсы тараптың адамгершілікке жатпайтындығына сенулері себепті өздерін кінәлі санамайды, тіпті Израиль қоғамының үлкен бөлігінің қолдауына ие болуда.

Осылайша Израиль режимінің сарбаздарының «моральдық артықшылығын» атап көрсететін құндылықтар жүйесі палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықты ақтайтындай етіп жасалған. Израиль режимінің негізгі ақпарат құралдары болса, әдетте, осы режим армиясының Палестина азаматтарын соғыс аймақтарынан эвакуациялау бұйрығы сияқты әрекеттерін Израиль армиясының ахлақтығына дәлел ретінде көрсетеді. Шындығында, бұл азаматтар кішігірім және қауіпті аймақтарда қамалып, ақырында сол жерде нысанаға алынады.

Израильдіктер бұл «тұрақты соғыста» аман қалу үшін кез келген әрекет орынды деп есептейді.

Бұдан бөлек, Батыстың нәсілшіл көзқарасы бойынша Израиль режимі Батыс өркениетінің өкілі ретінде Таяу Шығыстағы жабайылыққа қарсы күресуі керек деген сенім Израильдің палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылығын тағы бір ақтау болып табылады.

Ақырында, осы қате еврей-сионистік құндылықтар жүйесінің нәтижесі бүгінгі адамдар үшін моральдық азғындау ғана емес. Топтық зорлау сияқты жан түршігерлік әрекеттерді ақтауға әкелетін азғындау. Соғыстарда соған еліктеу де әртүрлі қоғамдарға қауіп төндіреді. Өзінің нәсілдік артықшылығына берік сеніммен қаруланған моральдық күйреуден қауіпті ештеңе жоқ.