Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі: Сионистік режим құлдырау жолына түсіп жатыр
(last modified Mon, 26 Aug 2024 05:42:06 GMT )
Там 26, 2024 11:42 Asia/Almaty
  • Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі: Сионистік режим құлдырау жолына түсіп жатыр

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі сионистік режимді жойылу жолында тұрған шайқалған режим деп атады.

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзаки Кербала қаласындағы «Әл-Ақса үні» шеруіне қатысу кезінде: «Сионистік басып алушылар режимі әлсіреп, құлдырау жолында» деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шейх  Зәкзаки  сионистік режимнің сәтсіздіктеріне тоқталып, былай деп қосты: «Басып алушы режимнің құлдырауы «Ақса дауылы» операциясымен басталды және Алла Тағаланың қалауымен оның жойылуы жақын арада болады. Бұл үміт ғана емес, қолда бар дәлелдер мұны көрсетеді»,- деп айтты.

Нигерия мұсылмандарының басшысы әрі қарай былай деді:

«Бүгін осы қанның бәрі төгілгеннен кейін Алланың қалауымен Газа жеңіске жетеді, одан кейін Палестина жеңіске жетеді және біз жақын арада әл-Ақса мешітінде намазымызды оқимыз».

 

Сионистік сарапшы Хаги Олшаницкий Израильдің «Земан» ақпарат сайтында жарияланған мақаласында 7 қазанда болған оқиғадан кейін, шамасы, «жеңіс түсінігін өзгерту керек және Израильдің әдеттегі және мифтік жеңістері туралы жаңалық жоқ» деп жазды. 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Израиль режимі Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және езілген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады, бірақ әлі күнге дейін шабуыл алдында жарияланған мақсаттарына қол жеткізген жоқ.  

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 40 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 92 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимінің құрылымы 1917 жылы британдық отаршылдық жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке жіберу және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

Иран Ислам Республикасы бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын қолдайды.