Еврей көтерілісі; Сионистердің құпия ниеттерін Бен Гвирдің жария етуіне реакциялар жалғасуда
(last modified Sat, 31 Aug 2024 10:27:50 GMT )
Там 31, 2024 16:27 Asia/Almaty
  • Еврей көтерілісі; Сионистердің құпия ниеттерін  Бен Гвирдің  жария етуіне реакциялар жалғасуда

Кейбір елдер мен палестиналық топтар сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрінің әл-Ақса мешітіне қатысты арандатушылық мәлімдемелерін айыптап, осы қасиетті жердің тарихи және құқықтық мәртебесін құрметтеу қажеттігін қуаттады.

Экстремизммен танылған сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвир жақында әл-Ақса мешітінің аймағында синагога салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің мұра министрлігі де сионистердің әл-Ақса мешітіне шабуылына қолдау көрсету үшін 2 миллион шекел (500 мың доллар) бөлетінін жариялады.

Сионистік режимнің бұл әрекеттерінен кейін Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани X арнасында былай деп жазды:

Қылмыскер сионистік режимнің министрлер кабинеті әл-Ақса мешітіне қатысты зұлым жоспарларын жүзеге асыруға тырысып, ұятсыз түрде әл-Ақса мешітінде синагога салудың арам ниетін айғайлайды.

ИИР мұндай мәлімдемелер мен жоспарларды қатаң айыптай отырып, әл-Ақса мешітінің қасиетті жеріне кез келген қол сұғушылық пен сионистердің исламдық үмбеттің қызыл сызығын кесіп өтудегі жаңа авантюрасына қарсы ескертеді.

 

Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафади де X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған хабарламасында: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі әл-Ақса мешітінің қасиетті жерлеріндегі халықаралық құқықты бұзуды тоқтату үшін жедел түрде тиімді қадамдар жасауы керек»,- деді. Сафади сионистік режимнің жеккөрінішті идеологиялармен әл-Ақса мешітінің табиғатын өзгертуді көздейтінін баса айтты».

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі де  Бен Гвирдің  Әл-Ақса мешітінде синагога салу туралы мәлімдемесіне жауап ретінде жариялады: «Мұсылмандардың көңілін қайта-қайта ренжіту дүниені көрсетпейді»,-деп жариялады. Сауд Арабиясы әл-Ақса мешітінің тарихи және құқықтық мәртебесін құрметтеу қажеттігін баса айтты.

Махмуд Аббас басқаратын Палестина әкімшілігі де Бен Гвирдың  мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Бұл оның сионистердің аймақты діни соғысқа тарту талпыныстарын жалғастыру жолындағы шешімі»,-деп жариялады.

Палестина билігі де: «Американың Израильге саяси, әскери және қаржылық қолдау көрсетуі израильдік экстремистердің Палестина халқы мен қасиетті жерлеріне шабуылдарын жалғастыруға деген ынтасын арттырды»,-деп жариялады.

Осыған байланысты Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) мәлімдеме жасап, былай деп жариялады:

«Сионистік дұшпанның мұсылмандардың қасиетті орындарының бірі саналатын әл-Ақса мешітіне шабуыл жасау үшін қаржы бөлу туралы жуырдағы шешімі шиеленістің қауіпті өршуі және отпен ойнап, діни соғысқа апаруы мүмкін және бұл үшін жауапкершілік сионистік басқыншылар мен олардың қолдаушыларына жүктеледі».

ХАМАС бұл мәлімдемесінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше 57 елден өз міндеттерін сезініп, үйлестірілген әрекетте Құдсты сионистік дұшпаннан қорғауды сұрады.  

Айта кетейік, әл-Ақса мешітін қиратып, онда еврей ғибадатханасын салу идеясы сионистердің шектен шыққан сенімдерінен туындап, оны жылдар бойы экстремистік топтар ұстанып келеді.

Әл-Ақса мешіті Құдс қаласының исламдық-палестиналық болмысының басты символы ретінде әрқашан Құдстың басқыншы режимінің жойқын әрекеттерінің нысанасы болды.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдық жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке ұшыратып, оның бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

Иран Ислам Республикасы бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын байыпты жақтайды.