Там 31, 2024 17:19 Asia/Almaty
  • Дженин мэрі: Израиль режимі Палестина халқын қоныс аударуға мәжбүрлеуге әрекеттеніп отыр

Дженин мэрі сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауына шабуыл жасауының мақсатының палестиналықтарды күшпен көшіру үшін қысым жасау екенін мәлімдеді.

 

Сионистік режим жаңа қылмыспен Иордан өзенінің батыс жағалауына соңғы жиырма жылдағы ең үлкен шабуылын жасады. Бұл шабуыл негізінен 39 000 тұрғыны бар Дженин қаласына, оның айналасындағы қалаларға және Джениндегі босқындар лагеріне, Тулкарм қаласы мен Нур Шамс босқындар лагеріне, Иордан өзені аңғарының солтүстігіндегі Әл-Фара босқындар лагеріне және Наблус қаласын нысанаға алды.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дженин қаласының мэрі Нидал Обеди: "Сионистік басқыншы күштердің халықаралық қолдаушыларының қолдауымен Иордан өзенінің батыс жағалауында ғы операциялары мен Палестина халқына қарсы қылмыстарын күшейтуді көздеп отыр",- деп мәлімдеді.

Дженин мэрі: "Біздің туған жеріміздің дәл осында екеніне қарамастан Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қазіргі операциядағы басқыншылардың мақсаты - Палестина халқын қоршауға алып, өз жерін тастап кетуге мәжбүрлеу үшін оларға қысым көрсету",- деп қосты.   

 

 

Тегтер