Қыр 01, 2024 19:49 Asia/Almaty
  • Израиль режимінің жоғары лауазымды әскери қызметкері: Нетаньяху саяси себептермен соғыстың аяқталуына жол бермейді

Сионистік режимнің әскери операциялар бөлімінің бұрынғы басшысы Израиль премьер-министрінің саяси себептермен Газадағы соғыстың аяқталуын қаламайтынын айтты.

Соңғы күндері оккупацияланған аймақтарда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху саясатына қарсы наразылықтардың жаңа толқыны басталды. Сионистік шерушілер Палестина қарсыласуымен тез арада атысты тоқтату және осы режим тұтқындарын босату туралы келісімге келуді талап етуде. Parstoday ақпарат агенттігінің «Әл-Джазираға» сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскери операциялар бөлімінің бұрынғы басшысы Биньямин Нетаньяхудың қызметін сынап: «Нетаньяхудың Газадағы соғысты ұзартуды талап етуі оны Нецарим мен Филадельфия осінің маңыздылығын асыра көрсетуге мәжбүр етті»,- деді.

Ол: «Нетаньяху бұл асыра сілтеу арқылы тұтқындарды алмасудың маңыздылығын төмендетуге тырысады»,- деп қосты.

Сионистік режимнің осы бұрынғы әскери қызметкері: «Саяси себептерге байланысты Нетаньяху соғыстың тезірек аяқталуын қаламайды, ал Израильдің жағдайы Нецарим мен Филадельфия осінде қалған армиямен бұрынғыдан да нашарлайды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер