Құқық қорғаушылардың палестиналықтарға қатысты үнсіздігіне наразылық
(last modified Wed, 18 Sep 2024 11:34:22 GMT )
Қыр 18, 2024 17:34 Asia/Almaty
  • Құқық қорғаушылардың палестиналықтарға қатысты үнсіздігіне наразылық

БҰҰ-дағы палестиналық дипломат құқық қорғаушылардың палестиналықтарға қатысты үнсіздігіне наразылық білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы палестиналық дипломат Мұхаммад Сафа X әлеуметтік желісінде: «Газа маған өзін құқық қорғаушымын деп айтатын көптеген адамдар белгілі бір текті немесе этникалық адамдарға қатысты болғанда ғана белсенді болатынын үйретті»,- деп жазды.

Мұхаммад Сафа былай деп қосты: «Газада соғыс емес, бұл геноцид».

Сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз және езілген халқына қарсы жаппай қырғын бастады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газадағы шабуылдың басынан бері шәһид болғандар саны 41 мыңнан асқан, жараланғандар саны 95 мыңнан асты.