Мұхаммад Афифті өлтіру; Израильдің Хизболланың медиа қуатының ауыр екенін мойындауы
(last modified Tue, 19 Nov 2024 11:48:57 GMT )
Қар 19, 2024 17:48 Asia/Almaty
  • Мұхаммад Афифті өлтіру; Израильдің Хизболланың медиа қуатының ауыр екенін мойындауы

Parstoday- Халықаралық мәселелер бойынша сарапшы және Х әлеуметтік желінің қолданушысы сионистік режимнің Ливандағы Хизболланың ақпарат құралдарымен байланысына жауапты Мұхаммад Афиф Әл Набулсиді террор етуі Хизболланың осы режимге қарсы БАҚ әрекеттерінің соққы болуының белгісі екеніне тоқталды.

Ливан Хизболласының ресми өкілі әрі БАҚ байланыстарының басшысы Мұхаммад Афиф Әл Набулси  жексенбі күні сионистік режимнің шабуылдарында шәһид болды.

ParsТoday хабарлауынша, Ливан Хизболласында қажы Мұхаммад деген атпен танымал болған шәһид Мұхаммад Афиф Әл Набулси бұл қозғалысқа 1983 жылы қосылып, Хизболла ұйымының негізін қалаушылардың бірі саналған. Ол әу бастан Хизболла қозғалысының құрылымында тиімді рөл атқарып, уақыт өте келе Хизболланың негізгі тұлғаларының біріне айналды.

2014 жылы шәһид Афиф Хизболланың БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері лауазымына тағайындалып, ішкі және халықаралық деңгейде, әсіресе дағдарыс пен сионистік режиммен қақтығыс кезінде партияның жолдаулары мен ақпарат құралдарының үйлестіруінде маңызды рөл атқарды.

Шәһид Афиф сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанынан кейін жасаған қылмыстары кезінде Хизболланың Палестина қарсыласуын табанды түрде қолдайтынын жариялап, бұл топтың мұсылман халықтарының жанында болуын жалғастыратынын баса айтты.

Соңғы апталарда Израиль армиясының Ливанға шабуылдарының күшеюімен, әсіресе осы қозғалыстың бас хатшысы Сейед Хасан Насралланың шәһид болғаннан кейін Ливан Хизболласының БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері күн сайын түрлі БАҚ тілшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Шәһид Афиф жуырда сионистік режимнің қоқан-лоққыларына қарсы шығып, баспасөз мәслихатында: «Біз қоқан-лоққы былай қойғанда, шабуылдың өзінен де қорықпаймыз, біздің ерік-жігеріміз берік және қарсыласуымыз тұрақты»,- деген.

Мұхаммад Афифтің сионистік режимнің қолынан шәһид болуы Х арнасының ирандық қолданушыларының, соның ішінде белгілі тұлғалардың кең реакциясына себеп болды.

Иран Ислам Кеңесі төрағасының саяси және медиа көмекшісі Мұхаммад Саид Ахдиан Мұхаммад Афиф Әл Набулсидің шәһид болуына реакция білдіріп аймақтағы және әлемдегі қарсыласу дискурсының бұқаралық ақпарат құралдарының кеңеюін Хизболланың онжылдық күресімен байланыстырды. Ахдиан: «Бүгінде Хизболла Ливанмен шектелмейді және Хизболланың туы әлемнің әртүрлі бөліктерінде мақтанышпен көтеріледі»,- деп жазды.

Иранның бұрынғы Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Мұхаммад Хұсейни мен ирандық футболшы Мәһди Тораби Ливандағы Хизболланың БАҚ-пен байланыс жөніндегі қызметкері  әрі ресми өкілінің шәһид болуына реакция білдірген танымал ирандық қолданушылар болды.

Хұсейни шәһид Мұхаммад Афиф Әл Набулсиді Ливанның батыл ерлері мен арыстандарының қарсылығының рауаятшысы және батыл ерлері мен күрескерлерінің бірі деп атады.

Бұл туралы ирандық футболшы  Мәһди Тораби  де X арнасында былай деп жазды: «Ол өз дауысымен сионистік режимнің қылмыстарын баяндаушы болды».

Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Мұхаммад Мәһди Рахими Х әлеуметтік желісіндегі басқа бір жолдауында: «Сионистік режимнің Мұхаммед Афифке қастандық жасау үшін қайта-қайта әрекет етуі Хизболланың ақпарат құралдарының осы режимге қарсы әрекеттерінің соққы болуын көрсетеді. Ливанның исламдық қарсыласуы әу бастан ақпарат құралдарына ерекше орын берді және оның құрылымы дамыған сайын оның медиа түсінігі мен осы саладағы белсенділігі кеңейе түсті»,- деп жазды.