Әр 30 минут сайын бір палестиналық бала шәһид болып жатыр
(last modified Wed, 27 Nov 2024 13:47:07 GMT )
Қар 27, 2024 19:47 Asia/Almaty
  • Әр 30 минут сайын бір палестиналық бала шәһид болып жатыр

ParsToday - Сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылы өткен жылдың 7 қазанынан бері 17400 палестиналық бала шәһид болды.

Палестина ақпарат орталығы баяндамасында: «17 400 палестиналық баланың сионистік режимнің қолынан шәһид болуы Газа секторында әрбір 30 минут сайын бір баланың шәһид болатынын көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

Parstoday агенттігінің Иран Телерадио бірлістігінің агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Палестина ақпарат орталығының есебінде: «Осы шәһид болған палестиналық балалардың 710-ы бір жасқа толмаған, яғни соғыста туып, соғыста шәһид болған»,- деп көрсетілді.  Есепте былай деп айтылды: «Осы шәһид балалардың 1793-і 1-3 жаста, 1205-і 4-5 жаста, 4205-і 6-12 жаста, 3442-сі 13-17 жас аралығындағылар».  

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылы өткен жылдың 7 қазанынан бері 44 235 палестиналық шәһид болып, 104 638-і жараланған.