Ливан Хизболласы имам Хаменеи мен ИИР-ның қолдауын жоғары бағалайды
ParsToday - Ливан Хизболласы мәлімдеме жасап, имам Хаменеидің Ливан халқына, үкіметі мен қарсыласуына және Иран Ислам Республикасының дипломатиялық қозғалыстарына толық қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Сионистік режимнің Ливанға қарсы агрессиясын тоқтатқаннан кейін Хизболла исламдық қарсыласу қозғалысы мәлімдеме жариялап, Ливан халқы, үкіметі және қарсыласу күштеріне имам Хаменеи жетекшілік ететін Иранға толық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мәлімдеменің бір бөлігі: «Біз Иран Ислам Республикасына Ливан исламдық қарсыласуын барлық салаларда Ислам революциясының жетекшісінің басқаруымен, сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен оның өкілі Мұхаммад Реза Шибанидің, Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақир Қалибафтың және Иран Ислам Кеңесінің аға кеңесшісі Әли Лариджанидің кезекті сапарларында айқын көрінетін толық қолдауы үшін ризалығымызды білдіреміз»,- деп айтылды.
Осы мәлімдеменің басқа бір бөлігінде Иранның Ливандағы елшісіне алғысын айтып: «Біз сионистік режимнің басқыншылығынан кейін Ливандағы Иран елшісінің жарақатын, сондай-ақ Иранның бұрынғы Сыртқы істер министрі шәһид Амирабдуллахианның сапарларын ұмытпаймыз және Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшылығының күшті қолдауына ризамыз» деді.