Газадағы палестиналықтардың геноцидінің тікелей куәгері; Еврей оқушыларына арналған Израиль обсерваториясының бағдарламасы
(last modified Sat, 30 Nov 2024 11:53:35 GMT )
Қар 30, 2024 17:53 Asia/Almaty
  • Газадағы палестиналықтардың геноцидінің тікелей куәгері; Еврей оқушыларына арналған Израиль обсерваториясының бағдарламасы

ParsTodау – Газа сионистер тарапынан қатты бомбалануда және палестиналық балалар үйінділер астында өртеніп немесе өліп жатқанда, израильдік балалар бұл көріністерге рахаттана қарайды.

Газаға қаратылған Старат обсерватория мұнаралары израильдік оқушылардың ғылыми экскурсия жасайтын орнына айналды және бұл ғылыми экскурсияның мақсаты Газадағы палестиналықтардың геноцидін тамашалау.

ParsTodау-дің Mehr агенттігіне сүйеніп хабарлауынша, жақында американдық бұрынғы дипломат Мэттью Хо Старат обсерваториясының мұнараларына жақын жерде болып, осы көріністерге қатысты өз тәжірибесін білдірді.

Израильдік оқушылардың оқу бағдарламасының бір бөлігі ретінде Газадағы геноцидті көруге алып бара жатқанын көрген Мэттью Хо: «Газаны израильдік оқушылар тамашалаған жер ұсқынсыз және ұят болды. Олар Канададағы Ниагара сарқырамасын көру үшін салған платформалары сияқты обсерватория мұнараларындағы көру алаңына барды, бірақ бұл платформада олар Газа балаларының геноцидін тамашалады» деді.

Америкалық дипломат былай деп қосты: «Мен көргенімді сипаттайтын дұрыс сөздерді әлі таба алмай жүрмін. Біз сонда болған кезде бір топ израильдік студенттер экскурсияға келді. Бұл балалар Газадағы геноцидті көруге екі сағат келген. Олар Газа мен болып жатқан геноцидті көргенде жұдырықтарын көтеріп, қатты толқып кетті».

Бұл американдық дипломат: «Палестиналықтарды өлтіру көріністерін көру өте ауыр тәжірибе болды. Сіз өзіңізді жек көресіз, бірақ сонымен бірге сіз соншалықты алыссыз, айқай естімейсіз, балалардың жылағанын естімейсіз»,- деп сөзін жалғады. Сионистер үшін бұл жерде бәрі өте әсерлі және фильм көргендей. Израильдіктер мұны ойын-сауық ретінде қарастырады. Бұл жерде адамшылық жоққа шығарылады. Палестиналықтардың жаппай қырылуын бақылау Израиль мектептерінің оқу бағдарламасына кіреді.

Израиль мектептерін милитаризациялау үшін көп күш салуда. Израиль мектептерінде аптасына екі-үш сабақ ақпараттық және қауіпсіздікті оқытуға арналған.

Тергеулерге сәйкес, сионистік режим тіпті балаларға қатысты қауіпсіздік пікірін таңуды тоқтатқан жоқ. Бұл режим оқушыларды бастауыш сыныптан бастап қару қолдануға үйретеді.

Сионистік биліктің пікірінше, Израиль халқы әрқашан сарбаз болып, қырағы болуы керек және бұл Израильдің өз қоғамын милитаризациялау әрекетін көрсетеді.