Йемендік ұшқышсыз ұшақтар басып алынған Палестинаның екі маңызды орталығына шабуыл жасады
ParsToday - Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы осы елдің сионистер басып алған аумақтардағы екі маңызды орталыққа ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасағанын жариялады.
Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Яхья Сари сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап: «Бұл елдің ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі басқыншы Израиль режимінің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы қылмыстарына жауап ретінде және Фатх әл-Мууд және Қасиетті Жиһад шайқасы аясындағы қолдаудың бесінші кезеңін жалғастыру мақсатында екі әскери операция жүргізді»,-деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Яхья Саридің мәлімдемесіне сәйкес, бірінші операцияда сионистердің басып алынған Яффа (Тель-Авив) аймағындағы маңызды және сезімтал орталығы және екінші операцияда басып алынған аймақтағы Ашкелон аймағы өнеркәсіптік аймақ дронмен нысанаға алынды.
Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы бұл мәлімдемеде былай деді: «Газа секторындағы қырғын сионистік режимнің жалғасып жатқан қылмыстарына байланысты йемендіктер израильдік дұшпанға қарсы әскери операцияларын жалғастыруда және бұл операция Газа секторына шабуыл тоқтатылып, оның қоршауы жойылғанда ғана тоқтатылады».
Соңғы айларда Йемен армиясы Газа секторындағы езілген Палестина халқының қарсыласуын қолдау үшін сионистік режимнің теңіз блокадасына қоса, Израиль режимінің әскери нысандарына қарсы шабуылдар жасады. Осыған байланысты ивриттік «Yediot Aharonot» газеті сәрсенбі күні Израильдің Йеменге қарсы қоқан-лоққыларының ешқайсысы йемендіктердің өз позицияларынан шегінуіне себеп бола алмады деп мәлімдеп, йемендік зымырандардың израильдіктердің ұйқысын ұрлап, олардың күнделікті өмірін бұзғанын баса айтты.