Сирияда бір дауысты саясат басталды
ParsToday - Сирия министрліктеріндегі алеви шенеуніктерін жұмыстан шығару толқыны басталған кезде Джуланидің бұл ел қоғамының ешбір бөлігі назардан тыс қалмайды деген уәделері өтірік болып шықты.
Әбу Мұхаммад әл-Джулани басқаратын Сирияның жаңа басқару органы бұған дейін бұл елдегі ешбір топты шеттетуге тырыспайтынын мәлімдеген. Енді ол осы елдің діни ағымының түріне байланысты шеттетілген 34 шенеуніктің аты-жөнінен тұратын жаңа тізім шығарды. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, сириялық ақпарат көздері әл-Джулани мен оның қолбасшылығындағы элементтер мемлекеттік мекемелерді кез келген алавиттік шенеуніктерден босату саясатын жүзеге асырып жатқанын хабарлады.
Бұл хабарға қарағанда, «Хаят Тахрир аш-Шам» лаңкестік тобының жетекшісі Джуланидің саясаты жасырын түрде жүзеге асырылуда.
Бұған дейін сириялық ақпарат көздері бұл елдегі фактілердің 90 пайызының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбағанын хабарлап, Сириядағы аз ұлттарға, әсіресе, теңіз жағалауындағы аймақтарға лаңкестік элементтердің агрессиясының күшейгенін мәлімдегенін болатын. Осыған байланысты Mehr ақпарат агенттігі Әл-Малумаға сілтеме жасап: «Сирияда әрбір 10 минут сайын адам ұрлау, өлтіру немесе тонау үшін шабуыл жасалады»,- деп жариялады. Осы уақытқа дейін бұл елде бірнеше наразылық шерулері өтті және Джулани тобының агрессиясына байланысты алдағы күндері Сириядағы халықтың ашуы күшейе түсетін сияқты.