Жаңа үкіметте 50-ден астам сириялық еместер / Сирия бөліне ме?
ParsToday – Сионистік БАҚ Израиль режимінің Сирияны бірнеше аймаққа бөлу арқылы Түркияның Батыс Азиядағы экспансионизмін тежеп, аймақтағы мүдделерін жүзеге асыруды көздеп отырғанын мойындады.
Сионистік «Йедиот Ахаранот» газеті «Башар Асад» үкіметі құлатылғаннан кейін жаңа Сирияда құрылған жалған бейбітшілік өте алаңдатарлық деп жариялады. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, сарапшылардың көпшілігі Сирия жақын арада лаңкестердің базасына айналады деп есептейді.
Бұл сионистік газеттің пікірінше, сырт келбетін сәт сайын өзгертіп, бірте-бірте әскери киімнен костюм мен галстук таққан адамға айналған Сириядағы қарулы оппозицияның жетекшісі Әбу Мұхаммад әл-Джуланидің әлемге және, әрине, Израильге қатысты мәлімдемелеріне аса мән бермеу керек.
Саяси мәселелер бойынша сарапшы Абдул Рахим Ансари де қазіргі Сирияны толығымен басып алынған ел деп сипаттады.
Ансари Х әлеуметтік желісінде Сирия басып алынады ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Ол былай деп жазды: «Сирия дәл қазір оккупацияда. Бұл елдің үкіметіне үстемдік ететін көтерілісшілердің жетекшісінің сириялық екені белгісіз». Бұл сарапшы: "Бұл елдің жаңа үкіметіне сириялық емес 50-ден астам адам тағайындалды, олардың кейбірі араб тілін де білмейді. Мұндай жүйе ұзаққа бармайды", - деп қосты.
Батыс Азия мәселелері бойынша тағы бір сарапшы Хұсейн Хаджи де Сириядағы жағдай өте нәзік және Сириядағы қазіргі дағдарыс көптеген саясаткерлерді шатастырып жіберді деп санайды. Оның айтуынша, барлығы саяси содыр атағы бар 40-тан астам топ Сириядан үлес алуды көздеп отыр және бұл екіқырлы оқиға.
Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Сайф әл-Реза Шахаби былай деп баса айтты: «Америка мен Израильдің стратегияларының бірі араб және ислам елдерін бөлу, ал қазір Вашингтон мен Тель-Авив Сирияны бөлу үшін ең жақсы жағдайда».