Ирак президенті: Түркия Иракқа араласуды тоқтатуы керек
(last modified Sat, 25 Jan 2025 12:14:36 GMT )
Қаң 25, 2025 18:14 Asia/Almaty
  • Ирак президенті: Түркия Иракқа араласуды тоқтатуы керек

ParsToday - Ирак президенті Абдул Латиф Рашид Түркияны Иракқа араласуды тоқтатуға шақырды.

Ирак президенті Түркияның Ирак істеріне араласуын сынап: «Өкінішке орай, Күрдістан аймағындағы түрік күштері біздің ісімізге араласуды жалғастыруда. Түркияны бұл араласуды тоқтатуға шақырамыз», -деді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул Латиф Рашид Американың Bloomberg ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ирактың тәуелсіз ел екеніне тоқталып: «Бағдад ешбір елдің Ирактың егемендігін бұзуына жол бермейді», -деп қосты.

Түркия елдегі террористтер тізімінде тұрған Күрдістан жұмысшы партиясының (PKK) элементтеріне қарсы тұруды сылтау етіп, Ирактың аумақтық тұтастығын бұзып келеді. Бағдад Түркияның Ирактың солтүстігіне жасаған шабуылдарын бірнеше рет агрессия үлгісі деп атады.

Ирак президенті осы сұхбатында Иранды Ирак үшін үлкен әрі маңызды көрші деп санап, былай деді: «Бағдад пен Теһранның қарым-қатынасы достық».

Ол сөзін жалғастырып: «Иран мен Ирак халқы әлеуметтік, діни, тіпті отбасылық тұрғыдан байланысты», -деді.