Израиль Ливандағы атысты тоқтату келісімін қандай мақсатпен бұзып отыр?
(last modified Sun, 16 Feb 2025 12:14:28 GMT )
Ақп 16, 2025 18:14 Asia/Almaty
  • Израиль Ливандағы атысты тоқтату келісімін қандай мақсатпен бұзып отыр?

ParsToday - Израиль режимі Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасау арқылы Хизболла әуе күштерінің қолбасшыларының біріне қастандық жасады деп мәлімдеді.

Ливан мен сионистік режим арасында атысты тоқтату келісімі жарияланғанына қарамастан, бұл режим Ливанның ішкі істеріне араласып, Ливанның ұлттық егемендігін бұзып, елдің аймақтарын бомбалауды жалғастыруда. ParsToday арнасының хабарлауы бойынша, Al-Mayadeen телеарнасы сенбі күні кешке: «Израильдің Ливанның Джаржуа қаласында көлікке жасаған шабуылынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды»,- деп хабарлады.

Израиль қорғаныс министрі Йизраэль Катц шабуылда Хизболла әуе күштерінің қолбасшысы нысанаға алынғанын мәлімдеді. Әзірге Ливандағы Хизболла сионистік режимнің бұл талабына жауап берген жоқ.


Ливан агрессия елі емес

Ливан парламентінің депутаты Ибрахим Мусави Израиль режимінің Ливан азаматтары мінген ирандық ұшақты нысанаға алу қоқан-лоққысына реакция білдіріп, сенбі күні: «Сионистік режимнің Ливанның егемендігіне басқыншылық жасауы және халықаралық қауымдастықтың, әсіресе Америка Құрама Штаттарының сыбайластығы режимнің одан әрі арсыздығына себеп болды. Ливандағы әрбір адам оны қатты айыптап, жауапты халықаралық институттарды әрекет етуге мәжбүрлеуі керек. Сионистік режимге Ливанның егемендігіне қалаған уақытта шабуыл жасай алады деп елестетуге рұқсат бермеу керек»,- деді.

Осыған байланысты және Ливандағы Хизболланың шақыруымен бұл елдің халқы наразылық шеруін өткізді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ Израильдің Ливан азаматтары мінген жолаушылар ұшағын атып түсіру қоқан-лоққысын Ливанның ұлттық егемендігін бұзу және елдің авиациялық қауіпсіздігіне қатер деп атады.

 

Америка мен Израиль Ливанға үстемдік етуді көздейді

«Әл-Манар» телеарнасының хабарлауы бойынша,  Хизболлаи саяси кеңесі басшысының орынбасары Махмуд Қамати сенбі күні кешке қозғалыстың шақыруымен Бейрут әуежайына апаратын жолда жиналған халыққа: «Біз Ливанның Америка мен Израильдің үстемдігінде болуын қабылдамаймыз. Бейрут әуежайына ирандық ұшақтардың қонуына жол бермеу Ливан үкіметін қорлау болып табылады және бұл үкіметке Американың өктемдігін растайды. Біз ешқашан шетелдіктердің диктатын қабылдамаймыз, Иран дос ел. Қарсыласуды қолдайтын халық Америка мен Израильдің қорлайтын саясаттарына қарсы және ешқашан қабылдамайды»,- деп баса айтты.

Бейрут әуежайында ирандық ұшақтардың қонуына тыйым салуға қарсы халық наразылығы жалғасуда. Бейруттың әртүрлі аудандарының ашулы тұрғындары бейсенбі күні түнде көшеге шығып, Америка мен Израильдің араласуына наразылық білдірді және Бейрут халықаралық әуежайына апаратын жолды жауып тастады.