Газада 18 мыңға жуық бала шәһид болды
ParsToday - Газа секторының денсаулық сақтау бас директоры Мунир әл-Барш Израиль режимінің Газа секторына шабуылдары басталғаннан бері 18 мыңға жуық палестиналық баланың шәһид болғанын жариялады.
Газа денсаулық сақтау бас директоры Мунир әл-Бараштың айтуынша, Израиль режимінің Газа секторына шабуылдары басталғаннан бері 17954 бала мен 12365 әйел шәһид болды. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторының денсаулық сақтау басқармасының бас директоры осы статистиканы жариялай отырып, Газа секторындағы денсаулық сақтау саласын құтқару үшін халықаралық қауымдастықтың шұғыл әрекет етуіне шақырды.
Газадағы денсаулық сақтау басқармасының бас директоры Газадағы денсаулық жағдайының дерлік күйреуімен бетпе-бет келгенін айтып, Газадан тыс жерде 22 мың науқас шұғыл емделуге мұқтаж, оның 13 мыңының жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
Осы арада Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газадағы 600 мыңнан астам баланың тұрақты сал ауруына және созылмалы мүгедектікке шалдығу қаупі бар екенін жариялады. Министрліктің есебіне сәйкес, егер вакцина Газа секторына енбесе, 602 мың бала сал ауруына шалдығады және тұрақты мүгедектікке ұшырайды.
Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі тиісті тараптарды медициналық орталықтарды қорғауға шақыруды жалғастырып, басқыншы режимнің шабуылдарының жансақтау бөлімі мен ауруханалар ішіндегі баламалы қуат жүйесіне айтарлықтай зиян келтіргенін жариялады.
Осы аяда Газадағы денсаулық сақтау басқармасының бас директоры Мунир Аль-Барш Газадағы 20 аурухананың толығымен қирағанын жариялады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің сәрсенбі күнгі мәлімдемесіне қарағанда, Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері осы жолаққа жасаған шабуылдары нәтижесінде 51 305 палестиналық шәһид болды.
Палестина медициналық мекемесі де Израиль армиясының Газа секторында соғыс басталғаннан бергі шабуылдарында жараланғандардың жалпы санының 117096-ға жеткенін мәлімдеді.