Иранның Израильге қарсы шабуылының жиырмасыншы  толқыны
https://itolqyn.com/news/west_asia-i80870
ParsToday - «Шын уәде 3» операциясының жалғасында Иранның Израильге қарсы жаңа шабуыл толқыны басталды.
(last modified 2025-06-23T14:05:54+00:00 )
Маусым 22, 2025 21:05 Asia/Almaty
  • Иранның Израильге қарсы шабуылының жиырмасыншы  толқыны

ParsToday - «Шын уәде 3» операциясының жалғасында Иранның Израильге қарсы жаңа шабуыл толқыны басталды.

Израиль режимінің медиа құралдары жексенбі таңертең басып алынған жерлердің әртүрлі аймақтарына Иранның зымырандары түскін хабарлады. ParsToday-дің хабарлауынша, операцияның бұл кезеңінде ақпарат құралдар Иран зымыранынң Тель-Авив, Хайфаға атылғанын және кең масштабта өрт шыққанын хабарлады. 
Мәліметтер бойынша, Иран зымырандары Тел-Авивтің алдын ала белгіленген орындарын нысанаға алды. Иран қарулы күштері бұған дейін Израильде ешқандай қауіпсіз аймақ болмайтынын ескерткен болатын.
Иранның қарулы күштерінің жаңа зымыран шабуылдарының басталуымен, басып алынған жерлердің барлық аймақтарында сирена естілді.
Басқа дереккөзі мәліметтері бойынша, кемінде 40 ауыр зымыран басып алынған жерлерге  дәл тиген. Кейбір дереккөздер ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуыл туралы хабарлайды.
Израиль режимінің медиа құралдарының мәліметінше, Иранның зымыран шабуылдарынан Тел-Авивте израильдіктер жараланды, кейбіреулеріның жағдайы нашар.
Израиль режимінің радиосы Иранның жаңа зымырандық шабуылдары Тел-Авив пен Хайфада кең ауқымды қираушылық тудырғанын мойындады.
Израиль режимі Иран зымырандарының тигізген зардаптарын жариялауда қатаң цензура жүргізуде.