Йемен: Соғыстың тоқтауы Америка мен Израильдің тек әскери күш тілін түсінетінін көрсетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i80894
ParsToday – Йемендік Ансаролла қозғалысының саяси бюросының көрнекті мүшесі АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әлсіздігіне тоқталды.
(last modified 2025-06-26T17:36:19+00:00 )
Маусым 24, 2025 19:32 Asia/Almaty
  • Йемен: Соғыстың тоқтауы Америка мен Израильдің тек әскери күш тілін түсінетінін көрсетті

ParsToday – Йемендік Ансаролла қозғалысының саяси бюросының көрнекті мүшесі АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әлсіздігіне тоқталды.

ParsToday агенттігінің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, йемендік Ансаролла қозғалысының саяси бюросының мүшесі Мұхаммад әл-Бахити сейсенбі күні: «АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы атысты тоқтату келісімін қабылдауы олардың тек әскери күш тілін түсінетінін көрсетті»,- деп баса айтты.
Израиль премьер-министрінің кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда, режим Ислам революциясы Сақшылар корпусының қатаң соққыларынан кейін соғысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Нетаньяху кеңсесі сионистік министрлерден атысты тоқтату туралы пікір айттпауды сұраған болатын.
Жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі Truth Social парақшасында Иран мен Израиль арасында 6 сағат ішінде толық атысты тоқтату келісімі орнатылатынын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бұл талапқа жауап ретінде қазіргі уақытта атысты тоқтату немесе операцияларды тоқтату туралы келісімнің жоқтығына тоқталып: «Алайда Израиль режимі сейсенбі күні таңғы сағат 4-ке дейін Иран халқына қарсы заңсыз басқыншылығын тоқтатқан жағдайда, біздің де жауап беруді жалғастыру ниетіміз жоқ» деді.
Арақчи X желісінде: «Біз бірнеше рет айтқанымыздай, соғысты біз емес, Израиль режимі бастады» деп жазды.
Ол: «Әскери әрекеттерді тоқтату туралы соңғы шешімді біз кейінірек қабылдаймыз», - деп қосты.