Израильдің Газа секторындағы геноцидін жаһандық айыптау; Газада көмектің таратылу әдісі сынға алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i81142
ParsToday - Әлемнің 20-дан астам елі ортақ мәлімдемеде сионистік режимнің Газа секторына қарсы соғысын дереу тоқтатуға шақырды.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Шіл 22, 2025 17:38 Asia/Almaty
  • Израильдің Газа секторындағы геноцидін жаһандық айыптау; Газада көмектің таратылу әдісі сынға алынды

ParsToday - Әлемнің 20-дан астам елі ортақ мәлімдемеде сионистік режимнің Газа секторына қарсы соғысын дереу тоқтатуға шақырды.

ParsТоday агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ұлыбритания үкіметі жариялаған және әлемнің 20-дан астам елінің сыртқы істер министрлері қол қойған бірлескен мәлімдемеде Газа секторындағы соғысты дереу тоқтатуға баса назар аударылады.

Мәлімдемеде сондай-ақ сионистік режимнің гуманитарлық көмек тарату әдісінің қауіпті екені және Газа секторындағы толқуларды күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге аймақта тұратын палестиналықтардың абыройы мен адамдық құндылығын жоққа шығаратыны айтылды.

Бұл елдер сионистік режимнің гуманитарлық көмек тарату орындарында 800-ден астам палестиналықтардың шәһид болуын айыптап, көмекті тамшылатып тарату мен палестиналық көмек іздеушілерді өлтіруді адамгершілікке жатпайтын әрекет деп атады.

Мәлімдемеге қол қойған Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Австралия, Канада, Дания және басқа елдердің Сыртқы істер министрлері Газаға қарсы соғыстың дереу тоқтатылуына тоқталды.

Сионистік режим Газа тұрғындарының адамдық ар-намысы мен құрметін жою және сонымен бірге аймақта тұратын этникалық топтар арасында алауыздық тудыру мақсатында гуманитарлық көмек таратуды халықаралық институттардың бақылауынан алып тастап, көмектерді таратуды өзіне қарасты компанияларға жүктеді.

Гуманитарлық көмекті тарату халықаралық мекемелердің бақылауынан шығарылғаннан бері сионистік әскерилердің көмек тарататын жерлерді бомбалауы мен атқылауы салдарынан көптеген палестиналық шәһид болып, жараланды.