Ливан Хизболласының мәлімдемесі Израиль режимінің Иордан өзенінің Батыс жағалауын аннексиялау жоспарын айыптады
ParsToday - Ливан Хизболласы: «Израиль Кнессетінде (парламентінде) Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иордан алқабын басып алынған жерлерге қосу жоспарының мақұлдануы осы жабайы және агрессивті режимнің шынайы бет-бейнесін ашты»,- деп баса айтты.
Хизболла мәлімдеме жасап, израильдік режимнің парламентінде Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иордан алқабындағы егемендік жоспарының мақұлдануын айыптады.
Ливан Хизболласының бұл мәселеге қатысты мәлімдемесінде: «Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иордан алқабын басып алынған жерлерге қосу жоспарының мақұлдануы бұл айуандық режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауы, Құдстағы және Палестинадағы шекараларымен ешқашан қанағаттанбайтынын және бұл шекаралармнн тоқтамайтынын көрсетті»,- деп айтылды.
Ливандағы Хизболла былай деп баса айтты: «Сионистік режимнің Кнессетінде бұл жоспардың мақұлдануы оның отаршылдық және экспансионистік сипатын көрсетеді және Израиль басқыншы режимінің экспансионист және зұлым жоспарларынан ешкім қауіпсіз қалмайды және Ливан, Сирия және Йеменде болып жатқан оқиғалар осы жобаларға сәйкес келеді».