Иран Сириядағы лаңкестік әрекеттерді айыптады
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Сирияның Тартус және Джабала қалаларында орын алған лаңкестік әрекеттерді айыптады.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари көптеген сириялық бейкүнә азаматтардың өлімі мен жарақат алуына себеп болған Сириядағы лаңкестік қимылдар құрбандары мен зардап шеккендердің отбасыларының қайғысына ортақтастық білдірумен қоса: «Лаңкестік пен әсірешілдік аймақтағы ұлттар үшін шынайы қауіп, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қоқан- лоққы болып табылады.
ИИР әлемдік қауымдастықтан адамгершілікке қайшы лаңкестік сұм құбылысына жан- жақты тосқауыл қоюдағы өздерінің заңды және ахлақтық міндеттері мен жауапкершіліктерін атқаруды талап етеді» деп баса айтты.
Дүйсенбі күні ДАИШ лаңкестік тобының Сирияның Тартус және Джабала қалаларына жасаған шабуылдарынан жүзден астам Сирия азаматы қаза болып, көптеген адам жараланды.