Йемендік топтар әр тараптан 1000 тұтқынмен алмасуға келісті
Йеменнің ұлттық делегациясы мен эр-Рияд делегациясы Кувейтте келіссөздер өткізіп, рамазан айына дейін әр тараптан 1000 тұтқынмен алмасуға келісті.
«Әл-Минар» телеарнасының хабарлауы бойынша, йемендік дереккөздері, сондай-ақ, екі тарап келісімгерлерінің тұтқындармен алмасу үдерісін ұйымдастырып, бақылайтын майдандық комитеттер құруға келіскендерін хабарлады.
Йемендік топтардың келіссөздері дүйсенбі күні Кувейтте эр-Рияд делегациясының саботаждық әрекеттерінен 6 күн өткеннен кейін БҰҰ-ның бақылауымен қайта басталды.
Осы жағдайда БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валад шейх Ахмад бейсенбі күні баспасөз конференциясын өткізіп: «Халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ның қолдауымен Йемен туралы кеңестер жалғаса беретін болады. Йемен туралы кеңестерге шектеулі уақыт қарастырылмаған, алайда дағдарыс тез арада шешіледі деп үміттенеміз»,-деді.