Йемен халқының Құдс күніне орай Сананың Сабәйн алаңындағы шеруі
ParsToday – Йемен халқы Құдс күніне орай Сананың Сабәйн алаңына жиналып, палестиналық халықтың мақсаттарына қолдауын білдірді.
ParsToday-дің «Тасним» жаңалық агенттігіне сүйеніп хабарлауынша, қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасына сәйкес келетін Халықаралық Құдс күнінде Йемен халқы елдің астанасы Санадағы Сабәйн алаңына бір ауыздан жиналып, Палестина мақсаттарына қолдау көрсету үшін ең үлкен шеруін ұйымдастырды.
Шеруге қатысушылар Палестина мен Йемен туларын көтеріп, сонымен қатар сионистік режимінің қылмыстарын айыптайтын плакаттарды ұстап, Палестина қарсылығы мен Газаны қолдайтын ұрандарды айтты.
Халықтық комитеттер мен Ансаролланың шақыруымен ұйымдастырылған бұл кең жиын Йемен халқының езілген Палестина халқына және сионистік-америкалық басқыншылыққа қарсы тұруға деген шартсыз қолдауының жалғасуын тағы да көрсетті.