«Едиот ахронот»: Иран өзінің қарсылығы мен тұрақтылығын сақтап қалды
ParsToday - сионистік газет Израильдің «Иранның жоғары лауазымды басшыларын өлтіру» стратегиясының сәтсіздігін мойындап: «Иран Ислам Республикасы әлсіремеді, керісінше оның басқару құрылымының кеңдігі мен ұйымдастырылғандығына байланысты бұл шабуылдарға төзімді әрі берік қалды»,- деп жазды.
ParsToday- дің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль газеті «Едиот ахронот» Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мен Иран Барлау министрі Исмаил Хатибті террор ету салдары туралы талдауында: «Бұл террорлар Иранға қарсы соғыстың бет-бейнесін өзгерте алмайды»,- деп жазды. Бұл газет Иранның үлкен мемлекет және ұйымдастырылған мұрагерлік процесі бар екенін және жоғары лауазымды басшылардың зардап шегетін кез келген соғыс сценарийіне көп жылдар бойы дайындалғанын баса айтты.
Бұл БАҚ-тың жазуынша, миллиондаған адамнан тұратын кең желіге сүйенетін Иран Ислам Республикасы бірнеше жоғары лауазымды басшылардың өлімге ұшырауымен АҚШ-қа бағынбайды.
«Едиот ахронот» «Иранның әлсіреуінің ешқандай белгісі жоқ» деп мойындап, тіпті сионистер режимінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Тел-Авивтің Иран Ислам Республикасының жүйесін өзгерту мүмкіндігі «өте шектеулі» екенін мойындағанын жазды.