Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Адел әл-Джубейрдің жөнсіз сөздеріне жауап берді
(last modified Sat, 28 May 2016 09:40:14 GMT )
Maм 28, 2016 15:40 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Адел әл-Джубейрдің жөнсіз сөздеріне жауап берді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы жөнсіз сөздерін сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабер Ансари жұма күні Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің Иран мен Ирактың қарым-қатынасы туралы жөнсіз сөздеріне жауап беріп: «Ирак халқы өзінің мүдделерін айқындап, досы мен дұшпанын айырып алу үшін өткен 15 жылдай уақыт ішінде Ирак пен аймақ және әлемде тұрақсыздықтың пайда болуына себепкер болып, терроризмге қолдау көрсетіп келген елдің Сыртқы істер министрінің сөздерін қажет етпейді.

Сардар Ғасем Солейманидің басқаруымен Иранның әскери кеңесшілерінің Иракта болуы осы елдің заңды үкіметінің өтінішімен Ирак пен аймақты тұрақсыздандырып, тынышын алған лаңкес және әсірешіл топтармен күресу үшін жүзеге асырылуда»,-деп мәлімдеді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Адел әл-Джубейрден қоғамдық пікірді алдарқатып, шындықты бұрмалағанша, өз елінің халықаралық деңгейде ең бірінші және ең қатерлі терроризмді демеуші әрі әлемде бейберекеттікті таратушы ретінде танылғанын естен шығармауды сұрады.