Тель-Авивте Нетаньяхудың саясаттарына қарсы шеру өтті
(last modified Sun, 29 May 2016 09:18:54 GMT )
Maм 29, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Тель-Авивте Нетаньяхудың саясаттарына қарсы шеру өтті

Жүздеген израильдік шеру өткізіп, сионистік режим Премьер-министрінің соқысқұмар әрі авантюристік саясаттарына наразылық білдірді.

«Times Israel» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху тарапынан «Израиль біздің үйіміз» әсірешіл партияның төрағасы Авигдор Либерман осы режимнің Соғыс министрі лауазымына тағайындалғанынан кейін Тель-Авив сенбі күні кешке жүздеген израильдіктің осы тағайындауға наразылық білдірген шеруіне куә болды.

Арабтардың ортақ тізімі, «Мерц» солшыл партиясы мен «Қазір бейбітшілік» солшыл тобы тарапынан ұйымдастырылған бұл шеру «Либерман – нәсілшіл әрі фашист» деген ұранмен Нетаньяху басқаратын «Ликуд» партиясының орталық ғимаратының алдында өтті.

Либерманның Израйльдің Соғыс министрі лауазымына тағайындалуы саяси ортада, әсіресе әртүрлі фракциялар арасында алаңдаушылық тудырды, өйткені көбінің пайымдауынша, бұл іс Нетаньяхудың кабинетінде әсірешілдікті одан ары өршіте түсетін болады.