Сардар Солеймани Иракта Бағдад үкіметінің өтініші бойынша жүр
Ирактың халықтық күштері делегациясы төрағасының орынбасары Иран ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс әскері қолбасшысының Иракта болуын осы ел үкіметінің өтініші бойынша іске асты деп түсіндірді.
Ирак халықтық күштері делегациясы төрағасының орынбасары Әбу Маһди әл- Моһандес «al-Summariya News» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран әскери кеңесшілерінің Құдс әскерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманидің қолбасшылығымен Иракта болуын Бағдад үкіметінің өтініші бойынша және Ирак қарулы күштерінің бас қолбасшысы Хайдер әл- Абадидің келісімімен іске асып отыр деп мәлімдеді.
Ирак халықтық күштері делегациясы төрағасының орынбасары Саудия басшыларының сөздерінен кейін осындай мәлімдеме жасады.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр өткен бейсенбі күні «Rusiya Al-Yaum» хабар арнасына берген сұхбатында сионистерге үн қосып, Сирия мен Ирактағы лаңкестерге ілесіп, «Иран Ирактың ісіне араласып отыр» деген уәж айтқан болатын.