Иран СІМ Бахрейннің уәждеріне реакция білдірді
Иран СІМ Бахрейн азаматтарының Иран үшін тыңшылық жасайтыны туралы айыпты негізсіз деп атады.
Иран СІМ ақпараттық дипломатия орталығының хабарлауы бойынша, Иран СІМ-дегі бір лауазымды тұлға Бахрейн сотының осы елдің 5 азаматын Иран үшін тыңшылық жасады деген айыппен соттауына тоқталып, Иранның Бахрейннің ішкі ісіне араласатыны және бахрейндік азаматтардың Иран үшін тыңшылық жасайтыны туралы айыпты негізсіз деп атады.
Иран СІМ-дегі есімінің аталмауын сұраған бұл лауазымды тұлға: «Бахрейнде халықтық наразылықтар басталғанан бері бұл елдің үкіметі өз кінәсін өзгеге жабу және адам құқығын бұзу, өз азаматтарының құқықтарын сақтамауға қатысты жауапкершіліктен қашу мақсатында кейбір елдерге қарсы жалған айыптар жобалап, қоғамдық пікірдің назарын өз еліндегі дағдарыстан алшақтатуға талпыныс жасап жатыр. Бахрейн үкіметінің полиция, қауіпсіздік күштері мен тайпаралық қатынасты пайдалануы бұл елдегі қиындықтарды шешпейтіні былай тұрсын, жағдайды одан ары ушықтырып жібереді»,-деп баса айтты.