Израиль тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жобасын жоюды көздеп отыр
Палестинаны азат ету ұйымы (САФ) атқарушы комитетінің бас хатшысы: "Сионистік режим 1967 жылғы шекараларда тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жобасын жоюды көздеп отыр" деді.
Саэб Ериғат араб тіліндегі «Sky News» телеарнасына берген сұхбатында: «Сионистік режимнің үкімет басшысының араб бітім жобасына шолу жасауға әзірлігі негізіндегі сөздері жаңа айла және Шығыс Құдс астанасы болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру жобасын жою жолында жасаған талпынысы болып табылады. Нетаньяху арабтардың алғашқы қадамда Израильмен қарым- қатынасты қалпына келтіруін көздеп отыр» деді.
Араб бітім жобасы бойынша, Израиль арабтардың жаулап алынған жерлерінен толығымен кері шегініп, 1967 жылғы шекараларға оралуы керек.
Франция маусым айында израильдік және палестиналық тараптың қатысуынсыз алпауыт елдердің қатысуымен бітім үдерісі туралы халықаралық отырыс өткізетіндігін мәлімдеді.