Балалар – басып алынған Палестина жеріндегі Израиль қылмыстарының құрбаны
(last modified Thu, 02 Jun 2016 10:17:09 GMT )
Маусым 02, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Балалар – басып алынған Палестина жеріндегі Израиль қылмыстарының құрбаны

Палестиналықтардың сионистік режимге қарсы интифазасы басталған 2000-ші жылдан осы күнге дейін сионистік әскерилер 2000-нан астам палестиналық баланы шәһид етті.

Палестинаның Ақпарат министрлігі 2000 жылы қыркүйек айында «әл-Ақса мешіті» деп аталатын екінші интифазадан кейін сионистік режимнің қылмыстары жайлы берген есебінде: «2079 палестиналық бала Израиль әскерилері тарапынан шәһид етіліп, 1300 бала жараланды»,-деп хабарлады.

Сионистік режим осы аралықта сонымен қатар 12000 палестиналық баланы қамауға алған. Олардың 420-сы әлі осы режимнің түрмелерінде жатыр. Палестиналық дереккөздерінің хабарлауынша, палестиналық тұтқын балалардың 95 пайызы қамауда болған кезінде азапталған.

Осы есептің жариялануымен бір мезгілде Халықаралық Қызыл крест комитеті де өз мәлімдемесінде Израильдің палестиналық тұтқындарға қарсы қысымды арттырғанын сынап: «Израиль тұтқындарға қатысты халықаралық заңдарды бұзып, көптеген тұтқындарды, әсіресе балаларды өз жанұяларымен кездесуден мақұрым қалдырып отыр»,-деп хабарлады.

Халықаралық Қызыл крест комитеті сионистік режимді палестиналық жанұялардың осы режимнің түрмелеріндегі тұтқындармен кездесу жиілігін азайтқаны үшін сынап: «Израиль палестиналық тұтқындарды, әсіресе балаларды өз жанұяларымен кездесуден мақұрым қалдыру арқылы палестиналықтарға қысымды арттыруды көздеп отыр»,-деп мәлімдеді.

Осыдан бұрын палестиналық тұтқындар жанұяларының жүздеген мүшесі сионистік режимнің палестиналық тұтқындарға жасап жатқан қысымдарына наразылық ретінде Қызыл крест комитетінің Бейт ул-Мұқаддастағы кеңсесінің алдына жиналып, халықаралық қауымдастықтың палестиналық тұтқындардың құқықтарына көңіл аударуын талап еткен болатын.

Палестиналық тұтқындар қоғамы өзінің айлық есебінде: «7 мыңға жуық палестиналық, соның ішінде 500 әйел мен бала қазір сионистік режимнің минималды мүмкіндіктерге ие түрмелерінде қамауда жатыр»,-деп хабарлады. Палестиналық жауапты тұлғалардың айтуынша, сионистік режимнің әскерилері палестиналық жанұяларға қысымды арттырып, интифазаны тоқтату мақсатында әртүрлі палестиналық аудандардан орташа есеппен алғанда жылына 700 баланы құрықтап, түрмеге қамайды.

Палестиналық тұтқындарды сионистік режим түрмелерінен босату әрдайым палестиналықтардың осы режиммен бітім келіссөздерінде қойған негізгі талабы болды. Бұған қарамастан сионистік режим палестиналықтардың бұл талабына көңіл аудармай, бұрынғыдай күн сайын палестиналық жерлерге баса-көктеп кіріп, палестиналық азаматтардың бір тобын, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді әртүрлі сылтаулармен құрықтап, түрмеге жібереді.

Осындай жағдайда палестиналық азаматтар мен мекемелер әлемдік қауымдастықты палестиналық тұтқындар тақырыбына қатысты әрекетсіздік танытып отырғаны үшін сынап, басып алынған Палестина жерінде наразылық шараларын өткізу арқылы осы жердің жапа шеккен халқының үнін естіртіп, қоғамдық пікірдің назарын осы режимнің Палестина халқының, әсіресе палестиналық тұтқындардың құқықтарына қатысты жасап жатқан қылмыстарына аударуға күш салуда.

Тегтер