Сионистердің абақтыларында жеті мың палестиналық тұтқын жатыр
(last modified Mon, 06 Jun 2016 09:03:33 GMT )
Маусым 06, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • Сионистердің абақтыларында жеті мың палестиналық тұтқын жатыр

Палестинаның Тұтқындар және азат етілгендер істері жөніндегі министрлігі сионистік режимнің абақтыларында кемінде жеті мың палестиналықтың жатқанын хабарлады.

Иорданияның үкіметтік ақпарат агенттігінің Рамалладан хабарлауы бойынша, Палестинаның автономия құрылымының қарамағындағы Палестинаның Тұтқындар және азат етілгендер істері жөніндегі министрлігі жексенбі күні: "Сионистік абақтылардың басшылары қасиетті рамазан айында тұтқындарға қысымдарды арттырып, палестиналық тұтқындарға ауыз ашар мен сәресі кездерінде діни міндеттерін орындауға рұқсат етпейді. Қазіргі кезде қырық бір палестиналық тұтқынның сионистердің абақтыларында күндерін өткізіп жатқанына 20 жылдан асқан. Сондай-ақ, палестиналық тұтқындардың жетпісі әйелдер.

Израильдің абақтыларында 450 бала мен жасөспірім, Палестина мәжілісінің 7 өкілі, бұрынғы 2 министрі қамалған. Сонымен бірге 1500-ден астам палестиналық тұтқын науқас",- деп мәлімдеді.