Рамазан айы қарсаңында Газадағы ең маңызды өткел жабылды
(last modified Mon, 06 Jun 2016 15:53:01 GMT )
Маусым 06, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Рамазан айы қарсаңында Газадағы ең маңызды өткел жабылды

Мүбәрак Рамазан айы қарсаңында Мысыр үкіметі Газа секторының қоршаудағы аймағы мен Мысырдың солтүстігі аралығындағы «Рафах» шекаралық өткелінің жұмысына тосқаул қойып, Газа тұрғындарына қысымды арттырды.

Мысыр Газада тұратын палестиналықтардың қиыншылықтарына, әсіресе науқастардың осы елге келіп кетуге деген қажеттілігіне қарамастан «Рафах» шекаралық өткелінде жаңа шектеулер орнатты. Палестиналықтар Рамазан айы қарсаңында «Рафах» шекаралық өткелінің жабылуына алаңдаушылық білдірді.