Түркияда тағы 59 кісі Гүленмен ынтымақтастық жасау айыбымен құрықталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i8944-Түркияда_тағы_59_кісі_Гүленмен_ынтымақтастық_жасау_айыбымен_құрықталды
Түркияда тағы 59 кісі «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленмен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 07, 2016 03:01 Asia/Almaty
  • Түркияда тағы 59 кісі Гүленмен ынтымақтастық жасау айыбымен құрықталды

Түркияда тағы 59 кісі «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленмен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықталды.

Құрықтау ісі Түркияның оңтүстігінде орналасқан Адана қаласының прокуроры жарлық шығарған соң басталды. Ұсталғандар ірі компаниялардың қожайындары болып табылады. Оларға «Hizmet» қозғалысына қаржылай көмек беріп отыр деген айып тағылды. Осыдан бұрынырақ та бұрынғы бір облыс әкімі мен төрт жоғары шенді әскери «Hizmet» қозғалысының жақтастарына қолдау көрсету және кейбір үкіметтік мекендерді төмен бағамен жалға беру үшін жеңілдік жасау айыбымен құрықталған болатын.