Израиль түрмелерінде жүздеген палестиналық науқас тұтқын қамауда отыр
(last modified Tue, 07 Jun 2016 17:33:05 GMT )
Маусым 07, 2016 23:33 Asia/Almaty
  • Израиль түрмелерінде жүздеген палестиналық науқас тұтқын қамауда отыр

1700 палестиналық науқас тұтқын медициналық мүмкіндіктің болмауы салдарынан Израиль түрмелерінде қиын жағдайды бастан өткеруде.

Qods ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина адам құқығы кеңсесі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Израиль түрмелерінде 1700- ден астам палестиналық тұтқынның медициналық және денсаулық сақтау жағынан қолайлы қызметтің болмауы салдарынан тауқымет шегіп отырғанына тоқталып: "Палестиналық тұтқындардың арасынан 700 адам қауіпті аураларға, соның ішінде қатерлі ісік пен жүрек ауруларына шалдығып отыр" деді.

Палестинаның адам құқығы орталығы Израиль түрмелері басшыларының палестиналық тұтқындарға қарсы зұлым саясатына сілтеме жасап, науқас тұтқындарды дереу босатуды және сионистік режимге қарсы халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсіруді талап етті.

Қазіргі кезде шамамен 7 мың палестиналық сионистік режимнің түрмелерінде қамауда отыр.