ИСИМ Мосулде бұрын-соңды болмаған қылмыс жасады
Ақп 16, 2016 22:23 Asia/Almaty
ИСИМ лаңкестік тобы Мосулде бір мыңнан астам әскери емес адамды өлтірді.
ИСИМ лаңкестік тобы бұрын-соңды болмаған әрекетте Ирактың солтүстік- батысында орналасқан Нейнава облысындағы Мосул қаласының түрмесіне қамалған бір мыңнан астам адамның отбасыларына оларды өлім жазасына кескенін, бұдан былай олардың бостандыққа шығуын күтпеуді хабарлады. ИСИМ құрбандардың мәйіттерін Мосулдің оңтүстігі мен батысында ұжымдық көрлерге көмген. 2015 жылдың сәуір айында да ИСИМ лаңкестік тобы Мосулдің шамамен 2100 тұрғынын өлтірген болатын.
Тегтер