Йемендік балалар Санада БҰҰ өкілдігі кеңсесінің алдына жиналды
Бірқатар йемендік бала Санадағы БҰҰ өкілдігі кеңсесінің алдына жиналып, Сауд Арабиясының балалардың құқығын бұзушылардың қара тізімінен шығарылуын айыптады.
ИРНА-ның al-masirah ақпарат базасына сілтеме жасап хабарлауынша, йемендік балалар жексенбі күні ел астанасы Санадағы БҰҰ кеңсесінің алдына жиналып, БҰҰ Сауд Арабиясының қаржы көмектеріне мұқтаж болғандықтан Сауд режимі басқарған коалицияның балаларға қарсы қылмыстарын ақтамасын деп, өздерінің қалталарындағы ақшаларын ерікті түрде БҰҰ-на беріп жатқан қойылым көрсетті.
Йемендік балалар сонымен бірге ұрандар айтып, халықаралық қауымдастық пен әлемнің азат халықтарынан Йеменнің балаларын қырып-жоюға қатысты болғаны үшін Біріктен Ұлттар Ұйымын да «қара тізімге" тіркеуді талап етті. Олар сондай-ақ, Йемен халқының АҚШ пен Сауд Арабиясының қоршауына бағынбайтынын қуаттады.