2015-ші жылы ДАИШ 1 миллиард доллар табысқа ие болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i9292-2015_ші_жылы_ДАИШ_1_миллиард_доллар_табысқа_ие_болды
АҚШ Қаржы министрлігі ДАИШ лаңкестік тобының 2015-ші жылы 1 миллиард доллар табысқа ие болғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 13, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • 2015-ші жылы ДАИШ 1 миллиард доллар табысқа ие болды

АҚШ Қаржы министрлігі ДАИШ лаңкестік тобының 2015-ші жылы 1 миллиард доллар табысқа ие болғаны туралы хабарлады.

CNN-нің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, АҚШ Қаржы министрінің лаңкестік және қаржы мәліметтер жөніндегі көмекшісі Дэниэл Глейзер: "ДАИШ өткен жылы мұнай мен газ сату және салық жинау, шетелдік көмектер мен банктерді талан-таражға салудың арқасында 1 миллиард доллар табыс тапты.

АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы коалицияның бұл лаңкестік топтың экономикалық орталықтары мен мұнай кешендеріне жасаған әуе шабуылдары ДАИШ-тың мүлкінен жүз миллион долларды жойды.

ДАИШ осы уақытқа дейін осы қорлардың маңызды бөліміне ие",- деп мәлімдеді.