Иран СІМ Иракты Фаллуджаның азат етілуімен құттықтады
Иран ислам республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Ирактың Фаллуджа қаласының азат етілуімен осы елдің үкіметі мен халқын құттықтады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари өзінің баспасөз мәлімдемесінде Ирак армиясы мен халықтық және тайпалық күштерінің стратегиялық Фаллуджа қаласында тәкфирлік лаңкестерге қарсы шайқастағы жеңісімен құттықтап, Ирак үкіметінің ұлттық бірлік және осы елдегі саяси және әлеуметтік топтар мен ағымдардың тұтастығымен лаңкестік және әсірешілдікпен жан- жақты күресте көбірек жеңістерге қол жеткізуіне үміт білдірді.
Ирактың үкімет басшысы Хайдер әл- Абади жұма күні теледидардан сөйлеген сөзінде стратегиялық Фаллуджа қаласының азат етілгенін ресми түрде жариялап: «Біздің қаһарман күштеріміз өз уәдесін орындап, Фаллуджаны азат етті. Жақында Мосулде де жеңіске куә боламыз.
Фаллуджа отанның құшағына оралды. Осы қалада азат етілмеген кейбір жерлер ғана қалды. Олар да алдағы сағаттарда босатылады» деді.