Ғасем Сулеймани Бахрейннің Халифе режиміне ескерту жасады
Бахрейннің әйгілі рухани қайраткерін азаматтығынан айыруға қатысты Иранның Сақшылар корпусының Құдс күштерінң қолбасшысы Халифе режиміне ескерту жасады.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, дүйсенбі күні жарияланған Иранның Сақшылар корпусының Құдс күштері қолбасшысының мәлімдемесінде: «Бахрейннің жәбір көрген мұсылман халқы жылдар бойы Халифе режимінің зұлымдық, кемсітушілік және адамгершілікке жатпайтын қатыгез әрекеттерімен кезігуде. Бахрейннің шейх Әли Салман және басқа да саяси және діни басшыларының заңсыз тұтқындалуына қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздік танытуы Халифе режимінің Бахрейн шиіттерінің танымал діни басшысы шейх Иса Ғасемге қоқан-лоққы жасауына себеп болды. Шейх Иса Ғасемге қоқан-лоққы көрсету – қызыл сызық. Одан өту Бахрейн мен аймақтан басқа елдерде наразылық толқынын көтеріп, халыққа қарулы қарсыласудан басқа жол қалдырмайды»,- деді.
Ғасем Сулеймани мәлімдемесінің соңында: «Халифе режимі қолдаушыларының шейх Иса Ғасемге тіл тигізіп, Бахрейн халқына қарсы шектен шығатын қысымдарды жалғастыруы қан төгілетін интефазаның басталуына соқтырады. Оның салдарларына Бахрейн билігінің қылмыстарын заңды деп көрсетіп отырғандар жауапты болады»,- деп ескертті.